«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы және «Өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығы негізінде,
«Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2023 жылғы қаулысына сәйкес «Саран тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын беру шарттары туралы төмендегідей хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде баспа алаңын ұсынады. «Саран тынысы» ЖШС Саран газетіндегі 1 шаршы см баспа алаңының құны 65 теңгені құрайтынын хабарлайды.
Газет алаңын беру баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін газетпен жасалған баспа алаңын беру туралы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.