Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Үстіміздегі жылдың 14 ақпанында Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Мынгишев Арыслан Қабылтайұлы, «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Кусенбаева Малика Манатқызы жергілікті атқарушы органдар және оларға қарасты квазимемлекеттік мекемелердің басшыларымен кездескен болатын. Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған кездеудің модераторы Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы Утешев Абзал Мұратұлы болды.
Іс-шара барысында №4 Үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстың жылдық нәтижелері мен алдағы уақыттағы атқарылатын жоспары талқыланды. Сонымен қатар, квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында квазимемлекеттік мекемелерде комплаенс-қызметін құру тілге тиек етілді.
Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Арыслан Қабылтайұлының айтуынша, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының мақсаты - мемлекеттік органдар ұйымдастыру жұмысының сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін қамтамасыз ету.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті орган ретінде №4 ҮББ-4 орындалуына тиісті әдіснамалық қолдауды және оның орындалуына мониторинг жасайды.
ҮББ-4 негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы ҮББ-4 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» және «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» сияқты негізгі жобалық топтардан тұрады.
Сондықтан, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» жобасының негізінде әкімдіктерге мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты мекемелердің, кәсіпорындардың қызметінде сапалы ішкі талдау өткізіп, жинақталған бір жалпы талдамалық анықтама әзірлену қажет.
Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталу қажет.
Облыс әкімі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия отырысында Сіздермен өткізілген нәтижелі, үлгілі және сапасыз ішкі талдаулар жарияланатын болады», - дейді Арыслан Мынгишев.
Ол өз сөзінде бұл бағыттағы негізгі кемшіліктерге, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар сапасына тоқталып өтті.
Ал екінші талқыланған мәселе – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін арттыру. Квазимемлекеттік мекемелерде комплаенс-қызметін құру, аталған ұйымдарда парақорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін жасалынған қадамдардың бірі.
Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Арыслан Қабылтайұлының айтуынша, мекемелердегі комплаенс қызметкерлер жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын жүргізіп, оны болдырмаудың әрекетін жасайды. Себебі олардың қызметі мекеменің ішкі құжаттарын реттеп, дұрыс бағытқа қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.
«Комплаенс-қызметі ұғымы бізге шетелден келген. Ол сәйкестік деген мағынаны білдіреді. Аталған қызметтің мақсаты – халықаралық заңнамалардың сәйкестігін тексеріп, мониторинг жүргізу. Сол сияқты талдау жасау. Одан бөлек, комплаенс-қызметі әдеп кодексінің бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол бермеумен күреседі. Сонымен қатар бұл қызмет бұрынғы КСРО елдері арасында Қазақстанда алғаш енгізіліп жатқан жайы бар.
Жиын соңында Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Арыслан Мынгишев №4 ҮББ-ның жобаларын іске асыру бойынша тоқсан сайын бағалау жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдардың тиісті рейтінгі жасалатынын ескерте отырып, бұл жұмысты жүзеге асыруда жоғары жауапкершілік танытуға шақырды.
Иә, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Десек те, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ол үшін ілгерідегілерден қалған «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы ұғынып алғанымыз жөн секілді. Себебі – бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ
Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА