Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі, келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей: «...Әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп сенемін»

«Қыз өссе елдің көркі» деген дана халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеп, әрқашан төрден орын берген. Қазақ қызы қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған.

Қазір де елеміздің, облысымыздың, туған қаламыз Саран шаһарының өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар да баршылық. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Аяулы ханымдар!

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!