Су - тіршілік көзі әрі тілсіз жау. Әсіресе, жайма шуақ көктем келгенде қар еріп, жаңбыр жиілейді. Міне осындай табиғи апаттардың алдын-алу мақсатында Саран қаласында «Көктем - 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты-азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.
Жаттығулар екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең: басқару органдары мен күштерін даярлау облыстық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі функционалдық міндеттерді орындауға. Екінші кезең: су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау мемлекеттік қызметінің күштері мен құралдарын басқару.
Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8.00-де «Дабыл-1001», 10.00-де «Тасқын-2002», кешкі сағат 17.00-де «Тұлпар – 4004», 18.00-де «Толқын – 5005», ал 18.30-да «Алатау – 3003» шартты белгілері түсті. Аталған шартты белгілер бойынша барлық азаматтық қорғау қызмет басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізуге дайындыққа келтірілді.
Оқу жаттығу жоспары бойынша Саран су қоймасынан су ағызудың жоғарылауы нәтижесінде Қарағанды өзенінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, салдарынан №2 кәріз сорғы станциясын су басу қаупі туындайды және № 2 кәріз сорғы станциясы электрмен жарығынсыз қалады. Сонымен қатар, Қожанов көшесіндегі №15, №16, №17, №18, №20 тұрғын үйлерді зәрнәжістік сулармен басу қаупі туындайды.
Төтенше жағдай орын алған ауданға авариялық - құтқару қызметтері мен құралымдары жіберілді. Өрт сөндіру қызметімен «Вариско» мотопомпасы арқылы төтенше желілерді жою бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу барысында машина бөлімшесінен 100 м3 су сорып алынды, ал «Батыс РЭС» ЖШС жөндеу-қалпына келтіру бригадасымен электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұдан бөлек, мол қардың еруі нәтижесінде дала жақтан еріген су ағыны келе жатыр, Плнаовый кентіндегі Лермонтов, Пушкин, Высоковольтная кешелерін су басу қаупі бар. Халықты эвакуациялау қажет (50 адам, оның ішінде балалар да бар), сонымен қатар қар шығару және еріген суды сору жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Өрт сөндіру қызметімен «Вариско» мотопомпасы арқылы төтенше жағдайларды жою бойынша тактикалық арнайы оқу-жаттығу барысында аула аумақтары мен Лермонтов, Пушкин, Высоковольная көшелерінің үйлері жанынан 500 м3 су сорып алынды, Су басқан үйлерде тонау фактілері болмас үшін тәртіп сақшылары аталған көшелердің ауданын қоршауға алды.
ТЖ бөлімінің қызметкерлері № 6жалпы білім беретін мектепте орналасқан № 8 қабылдау эвакуациялық пунктіне 50 адамды эвакуациялады. «Батыс РЭС» ЖШС жөндеу-қалпына келтіру бригадасымен бағананы қалпына келтіру және электрмен жабдықтау бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдармен Плановый кентінің Лермонтов, Пушкин, Высоковольная көшелері мен еріген суларды өткізуге арналған нөсер арналары қардан және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. зардап шеккендер жоқ.
Қабылданған алдын алу шаралар көктем кезеңінде тасқын судың салдарын барынша азайтуға және келтірілген залалды төмендетуге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығу кезеңінде төтенше жағдайларды жою бойынша тактикалық арнайы оқу-жаттығу шараларына 13 құрылым, 26 бірлік техника мен 78 адам қатысты. Мұндай оқу-жаттығулар жауапты қызмет өкілдеріне төтенже жағдайлар барысында іс-әрекеттерді пысықтауға көмектеседі.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ