Саран қаласының полиция бөлімі «Түнгі қаладағы балалар» шарасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
24 наурызда Саран қаласы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы болып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын тәртіп сақшыларының бірі – ювенальды полиция. Инспекторлар үнемі ата-аналар және оқушылармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, еліміздегі заң нормаларын түсіндіреді. Әрі түнгі мезгілде жүретін жеткіншектерді бақылауға алып, олармен жұмыс жүргізеді.
– «Түнгі уақыттағы балалар» жедел профилактикалық шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайды. Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді ювеналды полиция тобының инспекторы Мақсат Майпасов.
Жалпы, түнгі қаладағы балалар акциясы жылдың әр мезгілінде жиі ұйымдастырылып отырады. Полиция инспекторлары ғана емес, балалардың түнде жүрмеуіне, тәртібіне мұғалімдер де, ата-аналар да мүдделі болуы тиіс дейді мамандар. Түнгі оннан кейін бала көшеде жалғыз жүрмеуі тиіс. Осы жолғы рейд кезінде беймезгіл уақытта жүргендер анықталмады.
Тәртіп сақшыларының тексерістері балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан жеткіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қадағалауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жасөспірімдерді әртүрлі заңбұзушылықтан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ