Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға қолданылатын химиялық заттар пестицидтер ( лат. pestis - жұқпалы және cide - өлтіру) деп аталынады. Пестицидтер ( улы химикаттар) зиянды және ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы, сондай – ақ егін жинау алдында құрғатып алу, өсімдіктердің өсуін реттейтін және жапырақтарды түсіру үш пайдаланатын химиялық, биологиялық және де басқада заттар.
Зиянкес жәндіктермен күресте жоғары нәтижеләкке қол жеткізу үшін пестицидтерді ауыл шаруашылығында пайдалану кезінде бұл улы химикаттар адамдардың денсаулығына жан – жануарларға, қоршаған ортаға қауіпсіз болуы керек. Бұл препараттар өсімдік өнімдеріне зиянын тиізбеуі және олардан алынатын түсімділігін нашарлатпауы тиіс.
Пестицидтер қолдануға ыңғайлы, өзіне лайықталған жарылғыш – тұтанғыш емес ыдыстарда сақталуы керек. Пестицидтер қолданылатын нысанына, зиянкес жәндіктерге әсер етуіне, химиялық құрамына қарай сипатталады. Нысандар бойынша пестицидтер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
- Инсекцидтер қолданылатын нысанына, зиянкес жәндіктерге қарсы күресуге қолданылады;
- Фунгицидтер - өсімдіктерді саңырауқұлақ ауруларынан қорғауға арналған;
- Гербицидтер – арам шөптермен күресуге арналған;
- Роденцидтер – суыр, тышқан тұқымдас кеміргіштермен күресуге арналған;
Сонымен қатар, пестицидтерге өсімдіктің өсуін реттейтін, керексіз жапырағын жоюға - дасиканттар жатады. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық пестицидтер «Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат берілген пестицидтер тізіміне» сәйкес келуі керек. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдесінде 331 – 11 нөмірлі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес пестицидтерді тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану фитосанитариялық қадағалауға жатады. Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 19-4 бабына және ҚР «Лицензиялау туралы» Заңының бабтарына сәйкес пестицидтерді өндіруге, өткізуге және қолдануға лицензия беріледі. Лицензияны берумен облыстардың жергілікті атқарушы органдары айналысады. Пестицидтерді сатумен айналысатын дүкендерде лицензияларының болуы және кәсіби талаптарға сәйкес болуы тиіс. Лицензиялардың нормалары мен ережелерін бұзғандар ҚР ӘҚБ кодексінің 357 – 2 бабының 1 тармағы бойынша, жеке тұлғаларға 10-20 айлық есептік көрсеткіш және кәсіпкерлерге 50-100 айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100-200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Бау – бақша өсірушілер назарына!
Өсімдіктерді қорғауға арналған препараттарды сатып алу кезінде жалған өнімге тап болудан сақтану үшін, пестицидтерді сатып алғанда сатушыдан пестицидтерді сатуға рұқсат берілетін лицензиясының, сондай- ақ, сатып алғалы тұрған товардың сәйкестік сертификатын талап етіңіздер.
Пестицидтерді қолданған кезде улануды болдырмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Препараттарды қолданған кезде арнайы қорғаныш киімдерін ( қолғап, етік, , көзілдірігін, халат) қолдану қажет. Пестицидтерді қолданған кезде тамақ ішуге, шылым шегуге тиым салынады. Жасы 18 толмаған 50 жастан асқан тұлғалар, сондай- ақ жүкті әйелдер де пестицидтермен жұмыс істеуге жіберілмейді. Пестицидтерді қолданып болғаннан кейін, міндетті түрде киімдерді ауыстырып, беті- қолды мұқият сабындау жуу қажет.
Өсімдіктерді пестицидтермен өңдеген кезде препараттардың жұмсалу мөлшері мен кепілдік берілген мерзімін қатаң сақтау керек. Ол үшін препараттардың қолданылуына арналған нұсқаулықты мұқият оқып танысып шыққан абзал. Пестицидтерді тамаққа көктей қолданылатын- аскөк, салат, желкен, сабақты жуа және басқа да өсімдіктерге қолдануға болмайды. Жеміс жидектерге жемістің жетілген кезінде препараттарды қолдануға болмайды.
Т. Маханова,
бас маман, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы