Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бұл конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін кәсіпкерліктің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Оның қатысушылары жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілері бола алады.

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде мына номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

3) «Үздік ұжымдық шарт».

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Қосымша «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы болып табылады.

Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Гран-при «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында беріледі.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылы 1 шілдеге дейін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізіледі.

Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу тегін.

«Парыз» конкурсына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ сайтынан білуге болады»,

Конкурс бойынша консультацияны «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ алуға болады, мекенжайы: Саран қаласы, Жеңіc көшесі, анықтама телефоны 76770, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардан да ала аласыздар.