Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамы Саран қаласының саяжай учаскелері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, сондай-ақ Саран қаласының тұрғындарына өртке қарсы тақырып бойынша жадынамалар түрінде ұсынымдар табыс етілді.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен тәжірибе көрсеткендей, бұл елді мекендердегі өрттің себебі болып табылатын құрғақ өсімдіктер мен қоқыстардың жануы. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 21.02.2022 жылғы № 55 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігі ережесіне" сәйкес елді мекендердің, ұйымдардың аумақтары, Қызмет түріне және меншік нысанына қарамастан, өртке қарсы алшақтықтар шегінде жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, құрғақ шөптерден, мамықтан, жанғыш материалдардан уақтылы тазартылады.
От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.
Осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда қалдықтар мен ыдыстарды жағу қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.
Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі 336-бапқа сәйкес қалдықтарды жинау немесе өртеу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталмауын түсіндіреді
Жеке тұлғаларға — жиырма, лауазымды адамдарға — елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Саран қаласының және оған жақын аумақтардың тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! Сол кезде, Сіз өзіңізді, жақындарыңызды, көршілеріңізді және елді төтенше жағдайлардан қорғайсыз!
Саран қаласының
Төтенше жағдайлар бөлімі