Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында портфельдік субсидия және кепілдікке өтінімдер қабылдана бастады. Әзірге @centercreditkz пен @bankffin.kz арқылы қаржыландыру жүріп жатыр.

Қор жүзеге асыратын осы бағдарлама аясында 20 млн теңгеге дейін несиені қажет ететін кәсіпкер «Ұлттық жоба» аясында несиесінің пайызын субсидиялап, банк талап еткен кепілзат жетпеген кезде қосымша кепілдікті де қолдана алады.

Бағдарлама шарттары:

Максимал сома:

- инвестицияға – 20 млн теңгеге дейін

- айналым қаражатын толықтыруға – 5 млн теңгеге дейін алуға мүмкіндік бар.

Салаға қойылатын талаптар:

- Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдар мен лизингтік компаниялардың қызметін, сондай-ақ сауда саласында қоспағанда, (тамақ өнімдерімен сауда жасауға жол беріледі) салалық шектеулерсіз.

Субсидия мөлшері:

- ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесіне +7%. Оның 15,75%-ын мемлекет субсидиялайды;

- моно және шағын қала, ауылдағы кәсіпкерлердің несиесінің 16,75%-ын мемлекет субсидиялайды.

Мерзімі:

- инвестицияға – 3 жыл

- АҚТ – 2 жыл

- Кепілдік көлемі – несие сомасының 85%-ына дейін

- Кепілдік мерзімі – несие мерзімінен аспайды

Қарағанды облысы бойынша қосымша сұрақтарыңызды Нагишева Айжанның +7 701 488 88 82 нөміріне хабарласып алуға болады