Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Әуесқой мотоциклшілер күз-көктемде бірнеше рет бас қосып, мото саласындағы жаңалықтармен бөліседі, талқылайды, пікірлеседі. Ал, жаз шыға қала көшелерінде жүйтки бастайды.

Осыған орай жадыраған мамыр айының 13 жұлдызында Саран шаһарында байкерлер мотомаусым шымылдығын түрді. Бұлттай үйірілген мотошабандоздар әдеттерінше бүкіл қаланы аралап, думандатты. Онысымен мотоциклшілер және скутуристер өздеріне авомобилистердің назарын жолда жүрушілер ретінде аударғысы келеді және сол арқылы қос дөңгелекті көлікпен болатын ЖКО азайтуды көздейді.

Қос дөңгелекті жүйріктерді тамашалауға жиналған тұрғындар да көп. Тіпті, көршілес қалалардан да келген. Қыс бойы осы күнді күткен байкерлер күнделікті киімдерін былғары күртешеге ауыстырған. Бір-біріне мотоциклдерімен мақтанды. Бұл күні байк мінгендердің қатарында нәзікжандыларда бар екен.

Сарандық «Kings of Road МСС» мотошылар клубының үйлестірушісі Давыд Рябцевтің айтуынша, қазіргі таңда спорттың осы түрімен айналысатындардың қатары артқан. Сондай-ақ, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалаларында олардың басын біріктіретін арнайы «Chingizkhan MC» (Қарағанды қ.), «Chingizkhan MC С.Ш.А.» (Саран, Шахтинск, Абай), Almaz MC (Темиртау), «Wheels Brothers Shakhtinsk MС» (Шахтинск), Freedom Bros МСС (Қарағанды), Bike Pride MCC (Қарағанды), «Enduroriders» (Темиртау, Қарағанды, Саран) сынды клубтар жұмыс жасайды. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары елімізде бұл спорт түрі дамып, туризмнің өркендеуіне де өз септігін тигізуде екен.

Мотомаусымның ашылуында 600-ге жуық адам 200-ге жуық мотошылар қатысты, олардың арасында үлкен тәжірибесі бар мотоциклшілер мен жай ғана қызығушылық танытқан әуесқойлар да болды.

Мото-маусымның ашылу салтанаты біздің шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іргелес жатқан Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Абай қалаларынан келген мото байкерлер шаһар тұрғындарына өз шеберліктерін көрсетіп, арнайы шеру өткізді.

Мотошылар мен автомоболистер шеруі шаһарға кіре берістегі «Saran» қақпасынан бастау алды. Әрбір қатысушының қауіпсіздігі мен мінез-құлқы туралы қысқаша нұсқаулықтан кейін мотошылар колоннасы Саран қаласының барлық үш басты «Чкалов», «Жеңіс», «Жамбыл» көшелерімен жүріп өтті. «Сұңқар» стадионының алдындағы алаңда мото-маусымның ұйымдастырушылары іс-шара қонақтары мен қала тұрғындарын қарсы алды. Ол жерде мотомаусымның ашылу салтанатына орайластырылған мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтті. Онда түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, Саран, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Абай қалаларынан келген мотоцикл жүргізудің қыр-сырын жақсы білетін шеберлер өз өнерлерін ортаға салды.

«Іс-шараға қатысу арқылы бізге қолдау көрсеткен  Almaz MC (Теміртау), WheelsBrothers Shakhtinsk МС (Шахтинск), Freedom Bros МС (Қарағанды), Bike Pride MC  (Қарағанды), Еnduroriders (Теміртау, Қарағанды, Саран) сынды мото клубтарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, біздің қала әкімінің аппараты, іс-шараға қатысып, мотощыларға құрмет танытқан қала әкімі Ержан  Оралұлы Темирхановқа, іс-шараны ұйымдастыруға ат салысып, қолдау танытқан қала әкімінің аппаратына, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне, Тұрғын ұй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, Саран қаласының полиция бөліміне, «Ризида» дүкені, «Мясо в булках» гриль-бары, «Dizzy», «Карамелька», «asphalt.kz.» ақпараттық авто журналы, «Корсары», «11-тый

  v