Баршаларыңызды мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!
Басты мемлекеттік атрибуттарда халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысы, бейбіт көзқарасымыз, еңбекқорлығымыз және жарқын болашаққа деген үмітіміз бейнеленген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы және абыройы», - деп айтқан болатын.
Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқала орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған елдік қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге шүкіршілік айтып, толқымайтын жан, селт етпейтін көңіл жоқ шығар.
Біз бәріміз өз Отанымызды жақсы көреміз және оған амандық пен өркендеу тілейміз. Біздің жүрегіміз әрқашан туған жеріміз үшін мақтаныш пен жеке жауапкершілік сезіміне толы болсын! Барашаларыңызға мықты денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!