Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздер еліміздің көпшілік азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта қазіргі таңда еліміздің рәміздерінің мәні мен мағынасын және олардың қолданылуын, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуын түсіндіру жұмыстары қазақстандық отансүйгіштікті және азаматтық позицияны нығайту үрдісіндегі бірден-бір маңызды факторға айналуы керек.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Осы мақсатта «Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуын бақылау, тозған және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру жөніндегі жұмыс топтары құрылды. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерінің жай-күйіне, уақтылы ауыстырылуына үнемі тексеру және бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері көлемдерінің, орнатылатын орындарының және орналастыру дәйектілігінің стандарттары тұрақты сақталады, тозған, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін уақтылы ауыстыру және жою жүзеге асырылып отырады.

Басқармада мемлекеттік органның атауы және Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар маңдайша бар. Басқарма басшысының кабинетінде ұлттық стандарттарға сәйкес келетін Мемлекеттік рәміздер орнатылған.

Тәуліктің қараңғы уақытында Басқарма ғимаратында ҚР елтаңбасы мен туы жарықтандырылады.

Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.

Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ