Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Толеранттылық - бейбітшілікке    апаратын жол

  1. Қазіргі мәдени адам-бұл білімді адам ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі бағалау сезімі бар және айналасындағылар құрметтейтін адам.
  2. Толеранттылық жеке адамның, топтың, жалпы қоғамның жоғары рухани және интеллектуалды дамуының белгісі болып саналады.
  3. Жастар мен жасөспірімдерді ,балаларды қазақ халықымыздың ұлтына тән қасиеттерге баулу, имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету.
  4. Оларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге,ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Бүгінгі күні адамзат қоғамы әртекті субъектілерден құралған күрделі  организм болып табылады. Адамдар  негізінен үлкен үш нәсілге (негроид, монголоид және европеоид) кіретін  көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері болып табылады. Мұның сыртында олардың  діни, саяси және әлеуметтік ерекшеліктерімен дараланады.

         Тарихи даму барысында  Қазақстанда қазіргі уақытта  оның құрамына 130-ден астам ұлттар мен  ұлыстар кіреді, олар бірнеше  діни-конфессионалдық бірлестіктерге біріккен. Осындай әртектілік жағдайында әлемді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне  мүмкіндік беретін күш қандай?    

Ғылымда «толеранттылық» атауымен белгілі ұғым, міне, осы жерде  маңыздылыққа ие болады. Қоғамның дамуы  оның мүшелерінен тікелей тәуелді. Қоғамның дамуы оның мүшелерінің  жан-жақты, үйлесімді дамуымен, яғни тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына байланысты, ал тұлғаның қалыптасуы бірнеше фактордың  әсері арқылы жүреді. Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық ерекшеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен шартталады.

 «Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері  сөздігінде екі мағынада түсініктеме  беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге  төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни ағзаның ауруға қарсы  тұратын антиденелер шығару қабілетінің  төмендеуі. Ал педагогикалық сөздіктерде  бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.

Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі - өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын  бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден  бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға  дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып  саналады. «Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз  жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде  «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат»  мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді.

Оның үстіне бұл термин қазіргі  мағынасында батыста ертерек қолданыла бастады, оның себебін демократиялық үрдістердің онда бұрын жүргенінен көруге болады. Толеранттылық түсінігінің  бостандық, сәйкестік, теңдік феномендерімен тығыз байланысы өткен ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ осы салада зерттеу  жүргізген шетелдік ғалымдардың  еңбектерінде оны үнемі назарда  ұстауға мәжбүрледі.

Мысалы, М. Уолцер «Тұрақтылық» деген  еңбегінде толеранттылықтың бес  құрамдас мағынасын көрсетеді :

Біріншісі – «бейбітшілікті сақтау үшін айырмашылықтарға шеттетілген-мойынсұну  қатынас»;

Екіншісі – «айырмашылықтарға  бейжай қарау, пассивтілік позиция»;

Үшіншісі – «өзіндік моральдық  стоицизм, «басқалардың» да құқықтары  бар екендігін принципті түрде  мойындау»;

Төртіншісі – «басқаларға  ашық көңіл, қызығушылық, тіпті құрметтеу, басқаны тыңдау және одан үйрену»;

Бесіншісі – «айырмашылықтарды  барынша құптау». Философиялық тұрғыда  Уолцердің көзқарасын қабылдауға болатын  болса, ол педагогикалық құбылыс  ретінде толеранттылықтың мәні үшін тым ауқымды, кең болуы мүмкін. Негізінен алғанда бұл бес  анықтаманы толеранттылықтың даму деңгейлеріне сәйкестендірген жөн.

«Толеранттылық» терминінің мағынасын терең талдап, құрылымын  білу үшін ресми құжаттарға да назар  аударайық. 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның  Бас конференциясының 5.61 қаулысымен бекітілген «Толеранттылық принциптері  декларациясында» келесі анықтама ұсынылады: «Толеранттылық – біздің әлемнің  өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен  даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қарым-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық  – бұл біреуге орын беру, мойынсыну  емес».

Адамның өмірде де, кәсіби қызметте де жаңа жағдайларға бейімделуі жеке қасиеттердің қалыптасқан кәсіби және әлеуметтік дағдылары болған жағдайда ғана мүмкін болады. Осындай қасиеттердің бірі-төзімділік.

Өмірде адам әртүрлі ұлттардың, мәдениеттердің, әлемдердің, конфессиялардың, әлеуметтік топтардың өкілдерімен қарым-қатынас жасайды, сондықтан өз халқының да, басқа мәдениеттің, діннің де мәдени құндылықтарын құрметтеуді үйрену, ортақ тіл табуды үйрену маңызды.

Толеранттылық-бұл біздің әлем мәдениеттерінің алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету формаларын және адамның даралығын көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну.

Жер шарының әртүрлі тілдеріндегі толеранттылық сөзінің анықтамасы әртүрлі естіледі:

Толерантты жол-өзін жақсы білетін, қоршаған ортада өзін жайлы сезінетін, басқа адамдарды түсінетін және әрқашан көмекке келуге дайын, басқа мәдениеттерге, көзқарастарға, дәстүрлерге мейірімді көзқарасы бар адамның жолы. Толерантты адам әлемді өзінің алуан түрлілігінен көреді.

 Шыдамдылық, әзіл сезімі, түсінбеушілік, басқалардың пікірін құрметтеу, елемеу, өзімшілдік, ізгі ниет, өзін-өзі ұстай білу, төзбеушілік, немқұрайлылық білдіру, ашуланшақтық, әңгімелесушіні тыңдай білу, немқұрайлылық, цинизм, түсіну және қабылдау, сезімталдық, қызығушылық, гуманизм, ынталандырылмаған агрессивтілік.

Енді біз толеранттылық рухында тәрбиеленген адамның қандай қасиеттерге ие болуы керектігін көреміз. Бұл қасиеттер өте көп, сондықтан олар біздің ешқайсымызда пайда болмайды, оларды тәрбиелеу керек. Барлық адамдар түсінуі керек, кез-келген жанжалдан, кез-келген деңгейде, отбасынан бастап, жалпы әлемге дейін, толерантты мінез-құлықты тәрбиелеу керекбалаларда ғана емес, ересектерде де.

Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту деген мағынада қолданылады.Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне қарамастан, төзімділік танытып, түсіністікпен қарап, оларды өзінТөзімділік немқұрайлылыққа тең келмейді. Бұл басқа дүниетанымды немесе өмір салтын қабылдауды білдірмейді, ол басқаларға өз дүниетанымына сәйкес өмір сүру құқығын беруден тұрады

Толеранттылық-басқа көзқарастарға, әдет-ғұрыптарға, әдеттерге төзімділік. Толеранттылық әртүрлі халықтардың, ұлттар мен діндердің ерекшеліктеріне қатысты қажет. Бұл өзіне деген сенімділік пен сананың, өз ұстанымдарының сенімділігі мен ұстамдылығының белгісі.Толеранттылық дегеніміз-басқа мәдениеттерді, өзін-өзі көрсету тәсілдерін және адамның даралығын көрсетуді қабылдау және дұрыс түсіну.Біз басқа ұлттарды жатсынбайтын халықпыз.

Қазіргі кезде«Толеранттылық-  бейбітшілікке апаратын жол » атты мақаламда  толеранттылық дегеніміз не, не үшін бұл ұғымды қолданатынымызды бір-бірімізге деген сыйластықты, өзара түсінушілікті толық түсіндік деп ойлаймын және оған төмендегідей түсінік беремін. Біріншіден:

* қоғамның маңызды құндылығы ретінде толеранттылыққа деген көзқарасты қалыптастыру.

* төзімділіктің маңызды принциптерін түсіну және оларды күнделікті өмірде қолдану қабілеттерін дамыту.

*еркіндікті бағалай алатын, адамның қадір-қасиеті мен даралығын құрметтей алатын басқа мәдениеттерді қабылдауға ашық, сезімтал және жауапты азаматтарды тәрбиелеу

С. Супьянова,

«Ақ шаңырақ»  этномәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, ақпараттық топтың мүшесі