Күні кеше сарандық медицина саласының қызметкерлері төл мерекелерін тойлады. Саран қаласының мәдениет үйінде өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара барысында абзал жанды ақхалаттылар ісінің ардагерлері мен олардың қазіргі ізбасарлары құттықтаулар қабылдап, марапаттарға ие болды.
Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек.
Салтанатты шарада Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов пен Саран қалалық мәслихатының төрағасы Өміржан Баймағамбетов қаланың медицина қызметкерлерін құттықтап, қала әкімінің грамотасы мен қалалық мәслихат төрағасының алғыс хатын табыстады.
Атап айтқанда, салтанатты жиын барысында аталмыш марапат түрлерімен консультативтік-диагностикалық бөлімшенің психиатр-дәрігері Михаил Костюк, «Саран қаласы ауруханасының» директоры Иван Ермолаев, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медбикесі Ирина Крепешева, стоматологиялық бөлімшенің дәрігер-стоматологы Михаил Сергеев, жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің фельдшері Оксана Карлина, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, хирург-дәрігер Нұралы Қасанов, зертханалық бөлімшенің зертханашысы Анастасия Ключникова марапатталды.
Одан кейін ақ халаттыларды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары құттықтап, консультативтік-дисагностикалық бөлімшенің отоларинголог-дәрігері Николай Тенге, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медбикесі Евгения Якобиге, № 2 отбасылық денсаулық орталығының ЖПД медбикесі Ханипа Даироваға, № 2 отбасылық денсаулық орталығының ЖПД медбикесі Рауза Байгельдиноваға Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының грамотасын, ал жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің фельдшері Наиля Орамбекке, № 3 отбасылық денсаулық орталығының жалпы практика дәрігері Юлия Поземноваға Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарын табыстады.
Бұдан бөлек, Саран қаласының медицина саласы қызметкерлерінің еңбектерін ерекше елеп өтіп, ақ жарма тілектерін жолдаған Саран қаласы ауруханасының директоры Иван Ермолаев пен «AMANAT» партиясының Саран қалалық филиалының төрағасы Нұргүл Тәжібаева персоналды басқару қызметінің маманы Ажар Бестаева мен зертханалық бөлімнің зертханашысы Ирина Калютинаға «AMANAT» партиясының Алғыс хатын, хирургиялық бөлімшенің медбикесі Елена Бондаренко мен №2 ЦЗО педиатриялық учаскелік медбикесі Анна Белоусоваға «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының Құрмет грамотасын, 3-Н жүйесінің қабылдау бөлмесінің медбикесі Марям Гимадиеваға, №2 ЦЗО педиатриялық учаскелік медбикесі Лали Щепетковаға, - №2 ООК жалпы практика дәрігері Станислав Долинскийге, зертханалық бөлімшенің компьютер операторы Наталья Смирноваға, рентгенология бөлімшесінің рентген-зертханашысы Айнұр Арыстановаға, хирургиялық бөлімшенің санитар-тазалаушысы Марина Козодойға, пациенттерді қолдау қызметінің дәрігері Роза Жұмағұловаға Саран қаласы ауруханасының грамоталарын салтанатты түрде табыс етті.
«Бұл – риясыз махаббат пен мейірімге, шынайы құрмет пен шексіз алғысқа толы мереке. Адам денсаулығы қай уақытта да ең басты құндылық болып есептеледі. Ақ халатты абзал жандар қай кезеңде де ерекше құрметке ие болған. Сол себепті біздің елімізде Медицина қызметкерлері күні нағыз халықтық мереке ретінде аталуда. Сондық үшін бүгін нағыз өз ісінің шеберлері ұлықталды. Олар денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай, халықтың жылы ықыласына бөленген мейірімді жандар. Барлық әріптестерімді төл мерекерімен шын жүректен құттықтай отыра, отбасыларына береке, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тілеймін», - деп ағынан жарылды бізбен тілдескен Саран қаласы ауруханасының директоры Иван Ермолаев.
Осылайша медицина қызметкерлеріне төзімділік пен жанашырлық білдіріп адам өміріне араша болып, талай ұйқысыз өткізген түндері үшін зор құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды.
Салтанатты шара одан әрмен «Мерей» ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ
Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА