Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда Kinoplexx City Mall кинотеатрында көрсетілім алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеоролик көрсету ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 1424 call-орталығының бірыңғай қызметі туралы азаматтарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында коммуналдық төлемдердің түбіртектерінде call-орталықтың нөмірі көрсетілген ақпарат орналастырылды.

Бұл «Коммуналдық қызметтер бойынша бірыңғай есеп айырысу орталығы» ЖШС-мен бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде қол жеткізілді.

Түбіртектер Қарағанды қаласындағы 200 мың абоненттерге таратылды.   

Аталмыш бағыттағы жұмыс визуалды ақпарат арқылы  тұрғындарды кең ауқымда қамтуды көздейді.

Бұл ретте,  1424 call-орталығы - Агенттік қызметіне қатысты ақпарат беріп, жемқорлық әрекеттері мен қылмыстары бойынша түскен ақпаратты 24/7 тәулік бойы қабылдайды.