Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу және көрнекі ақпаратты екі тілде рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ негізгі міндеттерінің бірі
Жалпы жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және оларға тыйым салу болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан, жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс. Жарнаманы жанға жайлы етіп, ұлттығымызды ұлықтайтын, бояуы қанық, өз болмысымызды айшықтайтын тәрбие мен насихат құралына айналдыру – сала мамандарының ғана емес жарнама берушілердің де парызы болуы тиіс. Жалт еткен жарнама өзінің дизайнымен, көркемдік ерекшелігімен, мағыналы мәтінімен халықты еліктіре алмаса, онда жарнаманың ұтымсыздығы, талапқа сай еместігі, уақыт көшіне жауап бере алмағандығы. Ұлттық нақыш, салт пен дәстүр, тәрбие мен ұлағат үндестігіне сай жасалған жарнама ғана заман талабынан шығары хақ. Өйткені тіл мен діл, ұлт пен ұлағат, дәстүр мен салтты сап түзеткен жарнама ғана тіл заңдылығы талабынан шыға алады. Ендеше, бүгінгі ұрпақты жарнама арқылы ізгілік пен адамгершілікке үндейік, сонда ғана келешек иесі – жас буынның дидарына жарқын жүзбен қарай аламыз. Жарнама – көпшілікті тәрбиелейтін тәрбие құралы деп қарағанда ғана тілдің туын аспандата аламыз.
Ф. Рахымжан,
«Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы»
КММ әдіскері