Қазақстан полициясы күні қарсаңында нашақорлықтың алдын алу айлығы және халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен қазақ бөлімінің студенттері Саран қаласының полиция бөліміне экскурсияға барды.
Экскурсия барысында студент жастар жалпы полицейлердің бір күндік жұмыс барысымен және кезекші бөлімінің қызметімен танысып, полиция бөлімінің мұражайын аралады.
«Полицияның кезекші бөлімі – қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алудағы негізгі бөлімшенің бірі. Ішкі істер органы дегенде адамның көз алдына полиция ғимаратына кіреберістегі «Кезекші бөлім» деген жазу келетіні белгілі. Ол – заңдылық. Өйткені, кезекшіліктегі тәртіп сақшылары тұрғындардың әрбір қоңырауына жауап беріп, тиісті ақпараттарды жазып, оқиға орнына полицейлердің жедел жетуін қамтамасыз етеді», - деді студенттерге кезекші бөлімінің қызметі туралы баяндап таныстырған Саран қаласының полиция бөлімі ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының инспекторы Жұлдыз Жұмашева.
Ал полиция бөлімінің мұражайын тамашалаған студенттер онда полиция бөлімінің бұрынғы басшыларының, қызметкерлерінің қызметтік нысанды заттары және жеке мүліктерімен танысты.
Олардың қатарында осы полици бөлімінде қызмет еткен Екінші жүниежүзілік соғыстың ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, ІІО ардагері, ІІМ еңбегі сіңген қызметкерлері, қызмет барысында қаза болған полицейлер де бар.
«Біздің полиция бөлімінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлеріміз де бар. Мәселен, олардың ішінде 1957 жылдан бастап 1960 жылға дейін осы ішкі істер бөлімін басқарған Шульга Трофим Афанасьевичті атап өтсек болады. Одан кейін, соғыс ардагері және Ішкі істер органдарының Асылхан Омарханов бар. Асылхан Омарханов өзінің қызмет жолын осы полиция бөлімінің учаскелік милиция инспекторы лауазымынан бастаған. Сонымен қатар Бородай Федор Силаевич, Мануилов Митрофан Филлипович, Сейтқожин Өміржан Толегеновичтер Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагерлері.
Бұл жерде ІІО ардагері Елимесов Евгений Тулегеновичтің МАИ қызметіндегі қызметтік нысанды заттары.
Ал ана жердеөздеріңіз де көріп тұрғандай, Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагері Асылхан Омархановтың жеке мүліктері тұр.
Сонымен қатар, ІІО ардагері, 1960 - 1963 жылдар аралығында полиция бөлімнің басшысы болған Кожухов Алтынбек Абдилманатовичтің жеке мүлкін көріп тұрсыздар.
Ал мына тұрған 1949 жылдан 1956 жылға дейін басшылық қызметте болған ҰОС ардагері Маланин Николай Леонидовичтің «Қызыл жұлдыз» ордені. Бұл орденді осы біздің полиция бөлімінде музей ашылады дегенді естіген кезде Николай Леонидович Маланиннің немересі әкеліп, өз қолымен табыстаған болатын.
Бұдан бөлек, ІІО ардагері Адамбеков Көмек Копбаевичтің жеке мүлкі тұр, оны бізге Көмек Копбаевичтің қызы Қарғаш Көмекқызы әкеліп, табыстады. Ал мынау тұрған ІІО ардагері әрі тыл еңбеккері Агриппина Дмитриевна Гершунованың музейге табыстаған медальдары мен жеке мүлкі.
ІІО ардагерлеріне деген құрметіміз зор. Бұл кісілер күні бүгінге дейін полиция бөлімінің қазіргі жас қызметкерлеріне үлгі–өнеге көрсетіп, көмектерін аямайды.
Ауған соғысына қатысқан ардагерлеріміздің қатарынан милиция полковнигі Адамбек Досбек Копбайұлын атап өтсек болады. Бұл кісі 1990 жылдан 1991 жылға дейін бөлім басшысы қызметінде болған. Милиция полковнигі Сүлейменов Марат Жаханович, полиция майоры Эрбутаев Рустам Каримович.
Мына тұста тұрған ІІО ардагері Валентина Ивановна Петренконың құрмет грамоталары. Бұл кісі 1984 жылдары кәзіргі Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлының серіктесі болған. Айтпақшы, Валентина Ивановнаның қызы мен күйеу баласы да ІІО қызмет атқарған.
Балалар, мына тұрған дүниелер ІІО ардагерлері Серік Қуатұлы Тлекбаев пен Виктор Петрович Пеннердің жеке мүліктері.
Ал анау жерде, музейдің қақ ортасында 1992 жылдан 1997 жылға дейін осы бөлімнің басшысы болған Тұрсын Каппарович Молдабековтың жұмыс столы тұр.
Музейіміздің төрінен құрметті орын алып тұрған, осы бөлімнен өздерінің қызмет жолдарын бастаған, бөлімнің мақтаныштары, қызметкерлерге үлгі–өнеге болатын 3 генералымыз бар.
Атап айтатын болса, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің полиция генерал – лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Саран қаласының ішкі істер бөлімінде 1984 жылдан бастап 1986 жылға дейін жедел уәкіл қызметін атқарған. Музейімізде бұл кісінің алғашқы баянаттары, өндіріске қабылдаған өтініштері, сол кездегі баспа машинкасымен басылған қаулылары, осы құжаттардың түп нұсқалары және Ерлан Заманбекұлының ең алғашқы арнайы милиция лейтенанты атағын алған кездегі бұйрықтың үзіндісі сақтаулы тұр..
Әлімжан Ахмадиұлы Ахмадин ІІО-да 40 жылдай қызмет еткен. Оның 20 жылы Қарағанды облысында. Алғашқы қызметін біздің бөлімде 1959 жылдары жедел уәкіл лауазымынан бастаған. Әлімжан Ахмадиұлы кәзір 83 жаста. Бүгінгі тағда ол кісі Алматы қаласының Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Біздің бөлімде музей ашылады дегенді естіп, ең алғаш қатты қуанышын жеткізген жандардың бірі осы - Әлімжан Ахмадиұлы еді. Музейге өзінің «Жить по чести» және «Бақыт сенің қолында» деген екі кітабын жақсы пікір жазып, қолтаңба қойып, сонымен қатар өзінің Әділет генерал – майоры нысанды киімін қуана табыстаған болатын.
Мына тұрған полиция генерал – майоры марқұм Нұрлан Армияұлы Рахимберлин. Нұрлан Армияұлы 1981 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Саран қалалық ІІБ учаскелік милиция инспекторы қызметінен бастаған. ІІО-да 35 жылдан астам қызмет еткен. Заң ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңген қызметкері. 2004 жылдан 2013 жылға дейін Қарағанды облысының ІІД басқарған. Қызмет барысында Нұрлан Армияұлы 17 мемлекеттік марапатқа ие болған. 2012 жылы Балхаш қаласындағы колонияда болған аса ауыр қылмыста, тұтқындалған адамдарды босату бойынша арнайы операция өткізгені үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Полиция қызметі аса ауыр қызмет түрі десек жаңылыспаймыз. Күн демей, түн демей, жеке уақытымен санаспай, қырағылықпен қызмет ету әр адамның қолынан келе бермейді. Осы жолда барын сала отырып, өзінің өмірін де құрбан еткен, асқан мақтаныш сезіммен еске алатын әріптесіміз милиция старшинасы Иса Салавдинович Кубаевты жеке атап өтпеске болмас. Иса Салавдинович Саран қаласының күзет бөлімінің милиционері қызметін атқарған. 1992 жылғы көктемде қауіпті қылмыскерді ұстау кезіңде қаза болған. Өмірден өткеннен кейін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталып, аталмыш марапаты туғандарына табысталған-тын. Бұл күндері Иса Салавдиновичтің медалі мен қызметтік куәлігі біздің музейімізден орын алған жайы бар», - деді студенттерді музеймен таныстырған Жұлдыз Баянқызы.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ
Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА