Байқауға қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін өтті.
Байқауға қатысу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша 3 өтінім түсті.
Саран қаласы әкімінің орынбасары Е. Бауылыковтың төрағалығымен өткен «Еңбек Жолы» республикалық байқауы бойынша қалалық комиссия отырысының шешімімен облыстық деңгейдегі байқауға 2 қатысушының құжатын жолдау ұсынылды:
- Гульнар Омархановна Алымканова «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша;
- Асель Хамитовна Кистаубаева «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша.
Құжаттар мен презентациялардың түпнұсқалары «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-не берілді. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың қазан айында өтеді.