Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызметкер болу - қажырлы еңбек, айрықша жауапкершілік және жоғары абырой.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал, елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Осыны әр азамат түсінуі керек. Ел мүддесі – бәрінен биік».
Аймақтағы және елдегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер көбінесе патриотизмге, таңдалған іске берілгендікке, жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесі мен адалдығына байланысты.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, келісім, отбасылық амандық, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін халыққа қызмет ету ісіндегі еңбектеріңізге табыс тілейміз!