Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 

Сіздерді Қазақстандық Полиция күнімен құттықтаймыз!

Полиция мамандығы ең қауіпті және күрделі, сонымен қатар азаматтар мен мемлекет үшін ең қажет мамандықтардың бірі болып қала береді.

Әрдайым қала халқының тыныштығын қырағы күзетіп, оны қорғауға және қылмыстардың белең алуына тойтарыс берудегі кәсібиліктеріңіз, қызмет барысындағы жоғары іскерліктеріңіз, халық арасында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі жанқияр еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық.

Сіздер әрқашан қылмыспен күресте алдыңғы қатардасыздар, кейде тіпті қызмет барысында  өз өмірлеріңізді де құрбан етесіздер.

Мұның жарқын мысалы ретінде полиция қызметкері Иса Кубаевтың қызмет барысындағы ержүректікпен қаза болуын айта аламыз, оның есімі Саран қаласының тарихына алтын әріптермен жазылған.

Сіздерге төл мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күні қарсаңында мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілейміз!