Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Біздің заман өзгеше. Күніне түрлі жаңалық, түрлі өзгеріс болуда. Интернет алысты жақындатып тұр. Айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызуда. Технология тілін білгеннің дәурені жүріп жатыр. ІТ, электронды қызмет, сандық формация және т.б. дүниелер алға озды. Адам компьютерді ұршықша иіруде. Роботтар заманы келе жатқан сияқты. Бүйте берсе, ғарышқа қарапайым жандар өзінің жекеменшік құрылғысы арқылы ұшатын күн де алыс емес-ау?!

Үстіміздегі жылдың 28-29 маусымы аралығында Алматыда Халықаралық «International Haileybury FIRST Championship» чемпионаты өткен болатын. Ондағы мақсат – ылым, технология, инженерия және математика саласындағы дағдыларды дамыту, ғылым, технология және техника саласында шетелдік ұжымдармен тәжірибе алмасу, түрлі шет елдердің жастары арасындағы қарым-қатынас пен достықты нығайту болса керек-ті.

Аталмыш халықаралық чемпионатқа Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен барлығы 250-ден аса оқушыны қамтитын 36 мектеп командалары қатысты. Ал Қарағанды облысынан бұл чемпионатқа қатысуға тек қана 1 ғана команда, яғни № 17 мектеп-гимназиясының педагогтері Ақшалакова Әсел Райысқызы мен Погребнякова Натлья Александровна жетекшілікі ететін «RobostarsSaran» командасы шақырылған екен.

Чемпионат 2 категория бойынша өтті: FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge. Қатысушылардың жас санаты 9 бен 16 жас аралығын қамтыды.

№ 17 мектеп-гимназиясының Данил Якунин, Евгений Серегин, Данил Горбунов, Владимир Федин есімді оқушыларынан құралған «RobostarsSaran» командасы Innovation Project Award және Core Values Award атты екі бірдей нминацияда жеңімпаз атанды. Ал біз өз кезегімізде роботты техника бойынша халықаралық чемпионатта тек Саран қаласының ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысының туын құлатпай, абыройын асқақтатып келген № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары Данил Якунин, Евгений Серегин, Данил Горбунов, Владимир Федин мен аталған оқу орнының педагогтері Ақшалакова Әсел Райысқызы мен Погребнякова Натлья Александровнаны жеңістерімен құттықтап, жаңа белестерді бағындырып, жетістікке жете берулеріне тілектестігімізді жеткізгіміз келеді.

Халықаралық чемпионат жобалардың техникалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар командалардың креативтілігін, тиімділігін және бірлесіп жұмыс істеу қабілетін бағалайды, бұл жарысты одан әрі қызықты және тартысты етеді, сондай-ақ, робототехника саласындағы ең жарқын және ең дарынды жастарға арналған үлкен байқау болып табылады.

Жыл сайын робототехникамен айналысатын балалар саны артып, осы бағыттағы үйлесімді жұмыстың нәтижесінде сарандық мектеп оқушылары робототехникадан үздік нәтижелер көрсетіп келеді.

«Чемпионат робототехника саласындағы өзара тәжірибе алмасатын және шабыттандыратын бірегей алаңға айналды және жан-жақтан жиналған жас қатысушылар өз шеберліктерін көрсете отырып, ғылым мен технологияның болашақ көшбасшылары болуға мүмкіндік алды. Бұл Қазақстандағы STEM бағытын дамытудағы үлкен және жемісті жолдың бастамасы», - дейді № 17 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әсел Ақшалакова.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ