Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік қызметтер көрсету бүгінгі күні жауапты да маңызды істер қатарында саналады. Оны атқарудың белгіленген өзіндік тәртібі, бағыт-бағдарлары бар. Аталған ауқымдағы қызметтердің сапалы көрсетілуі тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады.

Осы ретте біз облыс Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айжан Кенжибаеваны әңгімеге тартып, осы тақырыпта сөз өрбіткен едік.

 - Айжан Хасанқызы, ең алдымен көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер мөлшерін нақты деректермен бейнелеп берсеңіз.

- Мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы болып табылады.

Сондықтан Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі,  һәм азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың басты жолы.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету қоғам мен мемлекеттің өзара іс – қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі  мемлекеттік ұсынылатын қызметтерді «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес  көрсетеді.

Бүгінгі таңда біздің мемлекуеттік мекеме тарапынан жер қатынастары саласында 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі және олардың барылығы да тегін негізде көрсетілетіндігін атап өткім келеді.

Мәселен, атап айтар болсақ, ол қызметтер келесідей:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  3. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу
  5. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
  6. Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау
  7. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру.
  8. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру.
  9. Жер учаскесін алуға кезекке қою.
  10. Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.

- Осы ретте баламалы, эелектронды және қағаз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі туралы не айтар едіңіз?

- Ережеге сәйкес мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі, яғни 8-і электронды түрде, балама негізде – 1-уі, қағаз түрінде - 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Біздің мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттерінің бірі - мемлекеттік қызметтерді халық арасында танымал ету және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер санын арттыру болып табылады.

2020 жылдың қараша айынан бастап жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі электрондық форматқа көшкен болатын. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік мекемемен байланысын барынша азайтуға мүмкіндік беріп, сәйкесінше көрсетілетін қызметті берушімен жеке қарым-қатынас кезінде туындайтын жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етсе керек-ті.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер  заңды күшіне енгенін атап өткім келеді.

Осыған байланысты қазіргі уақытта «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу рәсімі жүріп жатыр. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі біріктіріліп, «Жария кадастрлық карта» бірыңғай мемлекеттік кадастрлық жылжымайтын мүлік (БМКҚК) арқылы көрсетілетін болады.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ