Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ  ұлтының   кешегі көрінісі  көшпелі болса, бүгінгі күнде тәуелсіздігін  алған егемен ел. Еліміз  басына түскен  сын сағаттарда сыннан сүрінбей өтіп,тарыдай шашылмай, жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен ауызбіршіліктің туын желбірете білді.

Бейбіт  сүйгіш халқымыз  «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» 130  түрлі ұлт  өкілдерімен  бірге бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқаны жер шарына мәлім десек болады. «Зайырлы» сөзінің түбірі араб тіліндегі «сыртқы» деген мәндегі «захир» сөзінен келіп шығады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне үңілсек, «зайыр» сөзі «анық», «айқын», «ашық» деген сын есімдердің мағыналарын береді. Қазақстан әлем бойынша зайырлы мемлекет ретінде танылды. Осыған орай елімізде әр түрлі дін өкілдері өзара бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Біздің басты мақсатымыз – жастарымыздың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу. Сондықтан, оларға мұны түсіндіріп, дұрыс бағдар көрсетуіміз керек. Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың (халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады. Ұлттық бірегейліктің негізгі бел¬гілері ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, ата діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа, тарихтағы ата-баба дініне деген құрмет, ұлт мәдениетінің әлеуметтік өрісіне айналған шешендік, ұлттық өнер түрлері, туысқандық дәстүр, тәртіп, тазалық, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың тегістей сақталуы, заман талабына сай бейімделу, білімді болу, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасын ел болып бағалау, ұлттың дербес шаруашылығының болуы және оны уақыт талабына сай нығайта білу. Қазақстанның әрбір азаматының жалпы моральдық және тарихи құндылықтар тұрғысынан алғанда осы дүниедегі өз орнын үйлесімді қабылдай білуін қамтамасыз ету маңызды. Адамдардың өзін-өзі сезінуі шынымен де үйлесімді болуы үшін бізге ұлттық-мәдени және азаматтық бірегейлікті қарапайым этникалық өзін-өзі тану ұғымынан бөліп алу өте маңызды. Тарихи тұрғыдан біздің ортақ азаматтық және ұлттық-мәдени бірегейлігіміз негізгі этнос – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен пәлсапасы негізінде қалыптасатындығын түсіну маңызды. Рухани-адамгершілікке тәрбие міндеттерін жүзеге асыру ұлттық мәдениетті сақтаудың ең маңызды шарты – қоғамның рухани қауіпсіздігінің басты алғы шарты ретінде қарастырылады, өйткені тек «мәдени мұра» – бұл халықтың ұлылығы мен тәуелсіздігінің кепілі.

Н. Кернебаева,

КМҚК Саран Мәдениет үйі

«Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі