Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында біз Қазақстан Республикасындағы демократиялық үдерістерді дамыту және қазақстандық қоғамды жаңғырту қазіргі жағдайда азаматтық бейбітшілікті сақтауға, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге ,әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға ықпал етуге бағытталған толеранттылық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық санада дамыту блогына қол жеткізілгеніне көз жеткізе алдық . Қазақстанда діни толеранттылық ерекше маңызға ие.
Соңғы онжылдықтарға тән ерекшелік Қазақстанның конфессиялық кеңістігінің айтарлықтай серпінді құрылымдық трансформациясы болды.
Біртұтас мемлекет шеңберінде әртүрлі конфессиялардың болуы онда тұратын халықтардың рухани байытылуына ықпал етеді.
Бүгінгі күні Қазақстан – бейбітшілік пен келісім сақталған, этностар өзара ынтымақта өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Этносаралық келісім мен бейбітшілік аясында әлемде баламасы жоқ қазақстандық үлгі қалыптасып, қарқынды дамуда. Этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық саясаттың өзегіне айналды. Ол мемлекетті қалыптастырушы қазақ ұлтына этносаралық келісім мен ынтымақтастықты сақтауға, өзге этностар құқықтарының шектелмеуіне деген жауапкершілігін жүктейді.
Толеранттылықтың осы табысты отандық моделінің негізі байырғы қазақ халқына тән қағидаттар мен дәстүрлер болды: қонақжайлылық, үлкендерді құрметтеу, басқа ұлттарға,Мәдениеттер мен діндерге құрмет.
Бүгінгі таңда біздің елімізде мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасында ортақ тіл табуға мүмкіндік беретін және елдің конфессиялық ортасында болып жатқан процестерді түсінуді қамтамасыз ететін бірегей алтын орта Ұлтаралық және конфессияаралық келісім маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ұлттық бірлік-бұл біздің мемлекеттілігіміздің ең жоғары құндылығы болып табылды.
Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін» боламыз.
Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – ұлтына, шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету.
Аталған дүниетанымдық ұстаным Қазақстан қоғамының саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылықтық бағдарын айқындайтын негіз болып табылады. Әрбір нақты кезеңде ол байытылады, толықтырылады, нақтыланады, бірақ оның мәні бір болып қалады – көпэтникалық Қазақстанда әрбір адам оның этникалық, діни, нәсілдік және өзге де тиістілігіне қарамастан өзін еркін, қорғалған және өз болашағына сенімді сезінуі тиіс.
«Ұлтаралық және конфессияаралық татулық Қазақстандық біртұтастық пен жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы еліміздің келісімдік үлгісі болды деп айтсақ артық болмас .Бұл конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының талап тұрығысында ұйымдастырылып,алдына қойған мақсат.
«Ақтас» кенті «Ақ шаңырақ», қазақ халқының әдет-ғұрып», салт-дәстүрін қайта жандандыру бірлестігінің қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерімен бірлесіп отырып мәдени-шаралар өткізіп отырғанына 20 жылдан асты. Атап айтсақ «Якташлар» татар-башқұрт этносы, «Актасские зори» ардегерлер хоры. Бүгінгі таңда ұлттық мерекелер Халқымыздың бейбітшілік пен келісімінің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы айрықша дәстүрге айналды.Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастықғы арқылы тарихи қалыпттасқан татулық,сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиеттер екенін дәріптейді.
Еліміздің барлық ұлттары мен этностар арасындағы шынайы келісім мен бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі,ұлттық дінінің кеңдігі арқасында.
Халық бірлігі-мемлекеттілігі негізі қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана алдымызға болашағы күшті,өркендеп дамыған жаңа Қазақстанды құра аламыз және алға мақсаттар қоя аламыз.
С. Супьянова,
«Ақ шаңырақ»ЭМБ-нің жетекшісі