Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Ең үздік әлемдік тәжірибе, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді сіңірген Ата Заң халық бірлігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді».

Біздің туған қаламыз бен тұтас еліміздің өркендеуі тікелей әрқайсымызға байланысты екенін түсіну аса маңызды. Қоғам өміріне белсенді араласа отыра, біз аға ұрпақ мұраға тастап кеткен көптеген құндылықтарды сақтай аламыз.

Осы мереке күні біз туған өлкенің еңбек ардагерлеріне, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің жұмыс  қызметкерлеріне, қаланың еңбек шежіресіне, оның экономикасының қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан жандардың барлығына ерекше алғыс айтамыз.

Құрметті жерлестер!

Баршаларыңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!