Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Саран төрінде салтанатты жиын өтті.

Шара барысында қала әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов жерлестерін мерекемен құттықтап, Саран шаһарының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді... Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді».

Елдің, туған қаланың амандығы әрқайсымызға байланысты. Бір қуантарлығы, біздің Саран еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып келеді. Соның жарқын дәлелі – бүгінгі өңірдегі қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы жетістіктері мен табыстары үшін азаматтарымыздың марапатталуы», - деп қазақстандықтар үшін бұл мерекенің маңыздылығы жоғары екенін атап өтіп, бірқатар азаматтарға қала әкімінің құрмет грамотасын табыстады Алмас Рымқұлұлы.

Қала басшысының алғысына бөленгендердің қатарында «Саран қаласының ауруханасы» МКҚК экономика бөлімінің меңгерушісі Лилия Эдуардовна Баранчук, «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы Надежда Николаевна Вальс, Саран қаласы прокуратурасының прокуроры Әнуар Ізбасарұлы Завотпаев, Саран қалалық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Дина Маратқызы Изратова, «Саран қаласының мәдениет үйі» КМҚК директоры Екатерина Геннадьевна Шлома,«Галекс Плюс» «Саран тігін-тоқыма фабрикасы» ЖШС есепшісі Людмила Эдуардовна Калякина, «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Анастасия Валерьевна Константинова, Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Юрий Михайлович Кривоносов, «Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Татьяна Ивановна Луговская, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заң жұмысы бойынша статисті Аллаберген Қаппарұлы Маулиев, «Саран қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы Нұрсұлу Сайранқызы Сабырова, «Саранкоммунсервис» ШЖҚ КГЗ сарқынды суларды бұру АВР звеносының слесары Айбар Зияшұлы Сұлтанов, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік жұмыс маманы Галина Александровна Чукмарева, Саран қалалық соты әкімшісінің бас маманы – сот отырысының хатшысы Елизавета Игоревна Шмелева бар.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Саран қалалық мәслихатының төрағасы Өміржан Баймағанбетов Саран қаласы әкімі сыйлығының лауреаттары - «Идеядан шынайылықққа қарай - 2023» байқауының жеңімпаздарына ақшалай сертификаттарды табыс етті.

Марапатталғандар қатарында Айнұр Қайырқызы Аяганова «Мирас» безендіру орталығын ашуға, Анар Ганиевна Гизатулина Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған түзету орталығын ашуға, Анастасия Олеговна мен Анна Олеговна Ивановалар «Помощ другу» уақытша ұстау және чиптеу пунктін ашуға, Наталья Евгеньевна Каналина «Прекрасные создания» сыйлықтар дүкенін ашуға, ал Станислав Иванович Романов Ақтас кентінде «Арыстан Ақтас» спорт клубын ашуға ақшалай сертификат иеленді.

Бұдан бөлек, аталмыш шара өткен мәдениет үйінің бірінші қабатында Мәміле клубы мен Ата заң күніне орайластырылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған қоса, Балалар өнер мектебінің домбырашылары мерекелік кештің сәнін келтірді.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ