Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан халқына Президент жолдауы. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялады. Жиылым барысында дамыған елдің мүмкіндігін тұрақты реформаға ұштастыру мәселесі қозғалды. Осыған орай бәсекелестік дәуірде халықтың тұрмыс сапасын шын мәнінде жақсарту біздің мақсатымыз болу керек екенің ескерте айтып өтті.

Өндірісте шикізатты қонымды бағамен алу, тауарлар үлесін 10 пайызға жеткізу және сапа жүйесі басым болса біз ұлттық бизнесті қорғаймыз. Үкіметтің міндеті 2026 жылға дейін өнеркәсіп саласын жетілдіру. Импортқа тәуелді болмай жергілікті өнім сапасын жетілдіру қажеттігін баса айтты. Президент Еуразия құрлығындағы аграрлық орталыққа айналу мақсатын ұсынды. Отырыс желісінде атом электростанциясы, су ресурсы, халықаралық дәліздер туралы айтылды. Қорытындылай келе, Президент бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел-Әділетті Қазақстанды құрамыз деп сенім білдірді. Біз «Жас отау» этномәдени қоғамдық бірлестігі Мемлекет Басшысы Жолдауын толығымен қолдаймыз.

Н. Кернебаева,

Саран Мәдениет үйі «Жас отау»

ЭМҚБ жетекшісі