Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасаулары керек. Себебі кәзір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары баршылық. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүрулерін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге?
Қазақ тілі – әлемдегі мағнасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.
Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сол тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен аманат. Мәселен кезіндегі орхно жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше, сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ол ең ұлы, ең тамаша тіл. Қазақ тілі – ана тіліміз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Ж. Джумашева,
Саран қаласының полиция бөлімі