Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Осы тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ дегенде шығарда жаны бөлек ұлы ұстаз ағартушының ұрпағына қалдырған мұрасы орасан зор.

Осынау айтулы күнге орай Абай атындағы СЖГТК-де  №3 кітапхана бөлімшесі дайындаған ақын, ағартушы, түркітанушы және Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Қарымы бөлек қаламгер» атты әдеби кеші өткізілді. Колледж студенттері Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянының қызықты фактілерімен және оның шығармаларымен танысты, оның қазақ жазуын дамытуға баға жетпес үлес қосқанын, атап айтқанда, араб графикасы негізінде Қазақ жазуын реформалағанын білді. Тіл болашағы жастарда!

Құрметті оқырмандар, сіздерді «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханалары қорындағы Ахмет Байтұрсынұлының зертеулері, аудармалары, әдеби шығармалары, 12 томдық мақалалар жинағымен танысуға шақырамыз.

 

А. Мусина, 

№3кітапхана бөлімшесінің  кітапханашысы