Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жол – көлік оқиғасына түскен туысқаныңыздың сылтауымен, алаяқтық  жасау  жағдайларының  жиілеуіне  байланысты,  сізден ата-анаңызбен әңгімелесуіңізді сұраймыз. Әдетте, 70 жастан 90 жасқа дейінгі және одан жоғары   жастағы  қарт адамдар  алаяқтардың  құрбаны болуда,  осы жастағы алданған адам үшін қосымша стресстің не болатыныда түсінікті. Алаяқтар адамдарға әртүрлі әдістерді қолдана отырып (ашулану, жылау, қорқыныш, қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупі т.б.) эмоционалды  қысым көрсетеді. Тек соңғы аптада Саран қаласының полиция бөлімінде осындай 2 факт тіркелді, залал сомасы орасан зор.

Жақын адамдарыңызбен  сөйлескен кезде 2 нақты ережені орнатыңыз:

  1. Егер Сізге қоңырау шалынып, өздерін апатқа ұшыраған туысқаныңыз немесе сіздің туысқаныңызды қылмыстық жауапкершіліктен босатуды  ұсынатын полиция қызметкері деп таныстырса, Алаяқтың Сізге қоңырау шалғанына сенімді болыңыз!!! Сөйлесуден бас тартып,  дереу туысыңыздың нөміріне немесе полицияға қайта қоңырау шалыңыз!
  2. Ақшаны ешкімге және ешқашан бермеңіз, әсіресе үйге келіп алатын  болса.

                                       Саран қаласының полиция бөлімі