Қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
Алтын күз мезгілінде біз барлық күш-жігері мен білімін өз халқына, өз Отанының болашағына арнаған сіздерді құттықтаймыз.
Сіздер біздің мақтан тұтатын жанды тарихымыз, жоғары адамгершіліктің, өмірлік нық сенімнің, рухани мәдениеттің үлгісі болып табыласыздар.
Тек дәстүрлер мен құндылықтардың сабақтастығын сақтай отырып, қоғамымыздың дамуын қамтамасыз етуге болады. Сіздер жинақтаған білім, баға жетпес тәжірибе жастардың бастамасымен қатар үлкендердің өмірлік даналығы қажет болатын қазіргі жағдайда өте маңызды.
Біз аға буын өкілдері салған және дамытқан қаламыздың даңқты шежіресін мақтан тұтамыз.
Тамаша мереке - Халықаралық қарттар күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, амандық, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың көңілі, қамқорлығы мен жылулығын тілейміз!