Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің педагогтары мен білім беру ардагерлері!
Сіздерді мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – болашақта орнын айқындауға және өмірдегі мақсатты таңдауға көмектескен, адалдық, адамгершілік, мейірімділік, Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызды сабақтарын үйреткен, біз өз тәлімгерлеріміз деп санайтын жандардың бәріне ризашылық білдірудің, шын жүректен алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі.
Педагогикалық шеберлік пен даналық біздің елімізде әрқашан шексіз құрметке ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «ұстаздар өздерінің қажымас еңбектерімен адамды ағарту мен азаматты тәрбиелеудің ұлы миссиясын жүзеге асырады»,- деді.
Бүгінгі күні балаларды өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға және өз таңдауы үшін жауап беруге үйрету бұрынғыдан да маңызды. Біздің міндетіміз - оларға әділетті Қазақстанның лайықты азаматтары болуға көмектесу.
Қаламызда жаңа технологияларды енгізетін, оқыту әдістемелерін әзірлейтін, халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын жарқын мұғалімдердің, оқытушылар мен білім беру ұйымдарының басшыларының тұтас шоқжұлдызы болғаны маңызды.
Мұғалімнің жүрегіндегі мейірімділік пен даналық ешқашан таусылмасын, өз ісіне деген адалдықтың оты сөнбесін.
Оқушылар мен тәрбиеленушілер сіздерді өздерінің жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын.
Сіздерге зор денсаулық пен амандық, шыдамдылық пен нық сенім, қиын, дегенмен осындай маңызды еңбектеріңізде табыс тілейміз.