Меклекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Жолдауы Саран шһарында да қызу талқыланып жатыр.
Бұрнағы күні облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Мәулен Советұлы Жакин мен Қарағанды облысы ҚХА «LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тварионас Виталий Ионо қала жұртшылығымен кездесті.
Кездесу барысында облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Президентіміздің бастамаларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.
Ал алқалы жиынның шымылдығын Саран қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Төртбаева түріп, іс-шараны жүргізіп отырды.
Ғалия Әнуарбекқызы Жолдаудағы елімізді дамыту бағытындағы негізгі міндеттерді атап өтіп, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Ғылым және білім, экология, энергетика, су шаруашылығы салаларына кеңінен тоқталып, жаңа министрліктер құрылғандығын жеткізді.
«Қайырлы күн құрметті қауым. Өздеріңіз білетіндей үстіміздегі жылғы 1 қыркүйекте еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы жарияланған болатын. Осы бағдарламалық құжатында мемлекет басшысы негізгі тапсырмаларын тағайындады. Ал сол тапсырмаларды орындау үшін мемлекет басшысы үкіметке 3 жыл мерзім берді. Осы 3 жыл мерзім ішінде біз президент жүктеген барлық міндеттерді орындауымыз қажет.
Өздеріңіз де білетіндей елімізде шешілуі керек бірқатар актуалды мәселелер бар. атап айтатын болсақ, бүгінгі таңда бізді су мәселесіне байланысты бірқатар сұрақтар туындаған. Осыған орай елімізде су саласында жұмыс жапсайтын арнайы министрлік жасақталды.
Сонымент қатар, елімізде жыл сайын 400000 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Осы кезекте 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр туылған балаға Ұлттық қордан қаражат төлене бастайды. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50% балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі, ал білім алу үшін шетелдік оқу орнында оқуға мүмкіндік бар.
Міне, осы секілді Президент жолдауында тағы да басқа өзекті деген мәселелер қамтылды», - деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Төртбаева.
Кездесу барысында облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Мәулен Советұлы Жакин мен Қарағанды облысы ҚХА «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тварионас Виталий Ионо қазақтың ұлттық құндылықтары, тарихы мен Ассамблеяның қазіргі таңда жасалып жатқан жұмыстары жайлы баяндама жасады.
Мәселен, Қарағанды облысы ҚХА «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тварионас Виталий Ионо Президенттің Жолдауы біздің қоғамды ауқымды қайта құрудың жаңа кезеңі болғанын, халықтың, әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге шешуші қадам жасалғанын атап өтті. Жолдаудың басты ойы – абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделген жаңа экономикалық модельге кезең-кезеңмен, бірақ шешуші көшу екенін айтты. Жолдаудың экономикалық міндеттерін іске асыру қоғамды шоғырландыруға, бірлік пен келісімді нығайтуға тікелей жұмыс істейтінін атап өтті.
Ал Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Мәулен Советұлы Жакин Жиында Ассамблеяның идеологиялық жұмысында қоғамның өзін, қоғамдық құндылықтар жүйесін және тұтастай алғанда қоғамдық сананы реформалау міндеттері алға қойылу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ол бұл реформа бірлік пен тұрақтылық, әділеттілік пен ынтымақтастық, заң мен тәртіп, сенім мен жауапкершілік құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталғандығын да тілге тиек етті.
Бұдан бөлек, жиын барысында Мәулен Советұлы көшпелі қазақтар мен олардың ата-бабалары мекендеген еуразиялық кеңістіктегі тарихи оқиғалардың даму ерекшелігін көрсететін дала өркениеті мемлекеттерінің циклдік дамуы тақырыбында қысқаша баяндама жасап өтті.
Алқалы жиынды қорытындылай келе, Саран қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Төртбаева Мәулен Советұлы мен Виталий Ионо мырзаға қонақжайлық танытып, кітап сыйға тартты.