4 қазанда Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.
Жиын барысында Саран қаласы Полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының есебінде тұрған отбасылардағы кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу мен Жастар денсаулық орталығының қызметіндегі кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Саран қаласы білім бөлімінің бас маманы Светлана Цаплинаның мәлімдеуінше, қалалық білім бөлімімен Саран қаласы бойынша мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамтудың жай күйі туралы мәліметтерді салыстырып тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрса керекті.
Сонымен қатар, Светлана Ивановнаның мәлімдеуінше білім бөлімінің мамандары тарапынан Саран қаласы Полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының есебі мен мектепішілік есепте тұрған оқушылармен және олардың ата-аналарымен «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін түсіндіре отыра, кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарымен әңгіме-сұхбат құру түріндегі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
«Отбасылардың осы санатына бақылау, сондай-ақ профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Айына 2 рет білім беру ұйымдарының қызметкерлері Саран қаласы Полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының инспекторларымен бірлесіп, оқушылардың сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамтылуын, балалардың тұрмыстық жағдайларының сәйкестігін анықтау, сондай-ақ профилактикалық әңгімелер жүргізу мақсатында Саран қаласы Полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының есебінде тұрған балалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексереді.
Жалпы білім беретін мектептерде Саран қаласы Полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобымен бірлескен жұмыс жоспарлары жасалды. Ағымдағы кезеңде білім беру ұйымдарының қызметкерлері «Жұмыспен қамту», «Түнгі қаладағы балалар», «Қамқор», «Жасөспірім» сынды жедел-профилактикалық іс-шараларына қатысты. Аталған жедел-профилактикалық іс-шаралары қараусыз қалған, қайыр сұраумен айналысатын, оқудан жалтаратын балаларды анықтау мақсатында жүргізілді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, әлеуметтік қолайсыздық аймағына түскен отбасыларға көмек көрсету мақсатында айына 1 рет қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің базасында консультациялар өткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар барасында ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу кезіндегі жауапкершілік туралы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес түнгі сағат 22.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында, ал 23.00-ден кейін қала көшелерінде кәмелетке толмағандардың болуына тыйым салынғандығы туралы ескертілді», - деп баяндады бірінші мәселе бойынша Саран қаласы білім бөлімінің бас маманы Светлана Цаплина.
Ал кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу барысындағы Жастар денсаулық орталығы атқарған жұмыстар туралы аталған орталықтың менеджмент және стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Михаил Абдугалиев баяндады.
Михаил Ахтанбергеновичтің баяндауынша кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу мақсатында 2023 жылғы 9 ішінде Жастар денсаулық орталығының мамандары білім беру бөлімінің, мектеп және колледж әкімшіліктерінің қолдауымен 2023 жылға арнап бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар өткізсе керек.
«Атап айтатын болсақ, Жастар денсаулық орталығымен барлығы 3649 адам қамтылған 370 іс-шара өткізілді. Оның ішінде полиция бөлімі және «Мир добра» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 230 оқушыны қамтыған 7 акция, 1670 оқушыны қамтыған 84 дәріс, 434 оқушыны қамти отыра ұйымдастырылған Жастар денсаулық орталығына жасалған 20 экскурсия, 740 адамды қамтыған 9 ата-аналар жиналысы, мектеп әкімшіліктерінің өкілдерімен білім бөлімінің кеңесіне қатысу, салауатты өмір салты саласындағы дәрігермен 209 оқушыны қамтиған11 акция, БАҚ-да синтетикалық есірткі тақырыбы бойынша мақала бар. Алкоголь мен есірткі қолдану және оларға деген тәуелділік бойынша жүгінулер болмауы себепті бұл тақырыпта консультациялар болған жоқ», - дейді Жастар денсаулық орталығының менеджмент және стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Михаил Абдугалиев.
Сонымен қатар ол, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру, оған қоса жасөспірімдердің назарын 2023 жылдың 2 жартысында жастар ресурстық орталығымен бірлесіп барлық оқу орындарында талқыланатын тақырыпқа аудару мақсатында онлайн сауалнама жүргізу жоспарлануда деді сөз соңында.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында комиссия төрағасы Сағынбек Бейскеев кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардан аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ
Суретті түсірген автор