«Ұлық емес, ұлы қызмет», - деген екен қаһарман бабамыз Бауыржан Момышұлы. 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болса, біздің мемлекетімізде де бұл мереке осы атаулы күні тойланып келген болатын.
Десе де, 2023 жылдың наурыз айында Үкімет кәсіби мерекенің нақты датасын бекітті. Міне осы уақыттан бастап ұлғатты ұстаздар қауымының кәсіби мерекесінің датасы 5 қазан деп белгіленді.
Иә, ұстаз - ұлы есім. Балаға да, данаға да өмір жолында баспалдақ болатын тұлға. Ерен еңбектің бастауында, білікті ұстаздың төккен тері тұрады. Қазан айының 5 жұлдызында Саран қаласының мәдениет үйінде сол азаматтарға зор құрмет көрсетілді.
Ұстаздар қауымын ұлықтауға арналған салтанатты кешке Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов, Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев және Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Арман Бақтыбаев қатысып, 33 білім саласының үздігін марапаттады. Олардың ішінде 14 педагогке Саран қаласы әкімінің алғыс хаты, 11 педагогке Қарағанды облысы білім басқармасының алғыс хаты, 8 педагогке Қарағанды облысы білім басқармасының құрмет грамотасы табысталды.
Атап айтатын болсақ, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар қатарында Саягүл Сартай, Нина Григорьевна Аликас, Толеухан Бақышұлы Турганов, Сәлдет Шаймурат, Ляззат Сейтахметовна Есмагамбетова, Фархат Саркатович Баймагулов, Арайлым Рымбековна Алимова, Алмаш Арнешовна Толеуова, Назым Рымбековна Абишева, Галина Георгиевна Бергер, Алмагүл Исатаевна Куленбаева, Марианна Владимировна Попова, Ирина Владимировна Миронова, Кира Тагировна Юсупова, облыстық білім басқармысының алғыс хатын иеленгендер қатарында Юрий Дмитриевич Кириакиди, Гүлбаршын Уатхан, Людмила Викторовна Ананьина, Светлана Геннадьевна Беднер, Кульнара Каирбековна Мамкенова, Елизавета Юрьевна Лещук, Зарина Бадановна Баймагамбетова, Татьяна Александрвна Поляничко, Ольга Владимировна Синютина, Фарида Фаритовна Садретдинова, Светлана Ивановна Шестакова, ал Қарағанды облысы білім басқармасының құрмет грамотасы табысталғандар қатарында Орынтай Абильтаевна Баймагамбетова, Татьяна Ивановна Кулинич, Виктор Алексеевич Тишин, Елена Анатольевна Дамро, Светлана Александровна Кузова, Елена Викторовна Пикарева, Әсел Райысовна Акшалакова, Марина Владимировна Бут болды.
Марапаттау рәсімі барысында қала басшысы Еркін Энглисұлы сөз сөйлеп, ұстаздарға арнаған жылы лебізін жеткізді:
«Кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күні құтты болсын! Мұғалім-мамандық емес. Мұғалім - бұл дара тұлға. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен!», - деді өз құттықтау сөзінде Еркін Баулықов.
Одан кейін сахна төріне көтерілген жас мамандарға ардагер ұстаздардың атынан Гульназиф Бершимбаевна Разагулова жылы лебізін білдіріп, ұлғатты мамандықтың ізгі һәм игі дәстүрін абыроймен жалғастыруды тілеп, ақ батасын берді. Ал салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ
Суретті түсірген автор