10 қазанда Саран шаһарында Рабочая көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Спорттовары» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті.
Өрт тактикалық оқу жаттығуына мектеп оқушылары, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖ ӨСБ-24 өрт сөндірушілері, жедел жәрдем қызмет мен Саран қаласының полиция бөлімі қатысты.
Шартты өрт сөндіруге өрт сөндіру бөлімінен 3 бірлік техника, жеке құрамның 10 қызметкері, төтенше жағдайлар бөлімінен 1 қызметтік автокөлік пен 4 қызметкер, полиция бөлімінен 2 қызметтік автокөлік пен 4 полиция қызметкері, жедел жәрдемнен 1 қызметтік автокөлік пен 4 жедел жәрдем қызметкері жұмылдырылды.
«Спорттовары» тұрғын үй кешені Саран шаһарының ең биік және ірі үй кешендерінің бірі болып табылады. Көп қабатты үй кездейсоқ таңдалмады. Мұндай үйлердегі өрттерді сөндіру қиынға соғады, өйткені оларда эвакуациялауды қажет ететін көптеген адамдар тұрады, кіреберіс жолдары көбінесе автокөліктермен кедергі болады, бұл өрт сөндіру техникасының, оның ішінде биіктік техникасының жұмысын қиындатады.
Тактикалық жоспар бойынша көп қабатты тұрғын үйден шығады. Төтенше жағдайлар бөліміне Рабочая көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Спорттовары» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шартты өрт болып жатқандығы хабарланды. Хабар түскен сәттен бастап өрт сөндірушулер дереу жолға шықты. Құтқарушылар ең алдымен көп қабатты үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарды. Жаттығу шеңберінде құтқарушылар баспалдақпен тұрғындарды сыртқа шығару техникасын көрсетті. Тактикалық жаттығу аясында штаб құрылып, жедел әрекет ету қызметінің жұмысы көрсетілді. Сол аралықта жарақат алған адамдар бар ма, жоғы да қаралды. Сондай-ақ, жаттығуда өрт сөндірушілер жарақаттанған адамды таза ауаға шығарып, денсаулығын бақылады. Рацияның көмегімен дүкеннің ішінде орын алып жатқан жағдай, тілсіз жаумен күрестің нәтижесі баяндалып, хабарланып тұрды.
Өрт сөндірушілер бір адамдай жұмыла жұмыс істегеннің арқасында алдына қойылған тапсырмаларды тиісті деңгейде орындап, шартты өрт дер кезінде сөндірілді. Адамдар құтқарылды.
Өрт сөндірушілер уақытында жетіп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Нысандағы барлық адам эвакуацияланды. Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Техникалық құралдардың тұрақты жұмыс жасауын бақылаудан өткізіп, жедел әрекет етуге үйретті. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда осындай өрт-тактикалық оқу жаттығулар бүкіл Қарағанды облысы бойынша өткізіліп жатыр.
«Оқу-жаттығулардың басты себебі көп қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру кезінде жеке құрамның дағдыларын пысықтау, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарды алдын алу шарттарына үйрету, өрт себептерін анықтау мен оның негізгі мәселелерін шешу болып табылады. Біз бұндай шараларды әрбір қауіпті маусым басталған кезде өткізіп тұрамыз», - деді Саран қаласы төтенше жағдай бөлімінің инженері, азамаматтық қорғау аға лейтенанты Әлішер Аманбеков.
Жаттығу қорытындысы бойынша өртке қарсы дайындық барысы жоғары деңгейде екені айқындалды. Осындай оқу жаттығудың арқасында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтап, басты ережелерді түсіндіру маңызды дейді төтеншеліктер.
Сонымен қатар олар, өрт-тактикалық оқу жаттығулардың негізі мақсаты – белгілі бір нысанда орын алған шартты өртті дер уақытында сөндіру, жаттығу барысында кездесуі ықтимал мәселелерді аға, басшы, қатардағы жеке құрамымен тәжірибелік тұрғыдан машықтау болып табылады дейді.
Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімі осы тектес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы арнайы өрт-тактикалық жаттығуларды тұрақты негізде өткізіп тұрады. Осы жолы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Саран шаһарындағы Рабочая көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Спорттовары» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орын алған шартты өртті ауыздықтады. Оқу жаттығуға қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Сергей Анищенко басшылық етті.
«Өрт шыққан кезде көбісі сасқалақтап, дүрбелеңге түседі. Салдарынан адам шығыны орын алып жатады. Осындай оқу жаттығулардың арқасында олар оқыс оқиға кезінде қандай әрекет жасау керектігін үйренеді. Республика аумағында мұндай оқу жаттығулар тұрақты түрде өткізіледі. Билік өкілдерінің келісімі бойынша бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығуларын өткізу туралы шешім қабылданды. Сол себепті де бұндай шараларды біз жиі өткізіп тұрамыз. Бұл өте маңызды», - дейді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Сергей Анищенко.
Осындай жаттығулардың арқасында өрт сөндіру бөлімшесінің және нысан қызметкерлерінің практикалық іс-қимылы пысықталынады. Сонымен қатар, техника қауіпсіздігін сақтау мәселелері де қамтылады.
Басшы құрамның жағдайды дұрыс бағалай білу, қажетті күштер мен құралдар санын есептей білу дағдылары тексерілді.
Сонымен қатар, Саран қаласының төтенше жағдай бөлімінің мамандары халық арасында профилактикалық жұмыстар және тақырыптық оқыту бағытындағы сұхбаттасулар жүргізді.
Осыған байланысты Саран қаласының тұрғындарынан тыныштықты сақтауды, дүрбелеңге түспеуді, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды өтінді.
Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ
Суретті түсірген автор