Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Өсімдіктер карантині немесе фитосанитариялық қорғау дегеніміз, бұл еліміздің өсімдік ре-сурстары мен өсімдік текті өнімін карантинді объектілердің басқа мемлекеттерден, сондай-ақ   республиканың карантинді аймағынан әкелінуінен және енуінен қорғауға, ал олар таралған жағ-дайда, олардың таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.

Уәкілетті органның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағынан тыс, алыс- жақын, шетелдерге  карантинге жатқызылатын өнімдерді шығару үшін фитосанитариялық серти-фикат, ал  ел ішінде, облысаралық тасымалдау  кезінде  карантиндік сертификат  рәсімдейді.

 Фитосанитариялық сертификат  – бұл мемлекетіміз-ден тыс жерлерге, карантиндік сертификат - республиканың өз ішінде, облысаралық тасымалдауға арналған карантин-ге жатқызылған өнімнің  карантиндік жай күйін куәландыратын құжаттар. Ал карантинге жатқы-зылған өнім, бұл өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер). Бұның ішінде карантинді объект дегеніміз, бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне  сәй-кес зиянкестер, өсімдіктердің ауруын қоздырғыштар немесе өсімдік және өсімдік өніміне айтар-лықтай зиян келтіруі мүмкін арамшөптер.

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми-нистрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Фитосанитариялық сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға (Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген сәттен бастап, сондай-ақ «Электрондық Үкімет» порталына (www.egov.kz, www.elicense.kz) жүгінген кезде2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз түрінде ресімделуі міндет.

 Сонымен қатар 48 пунктінде - карантиндік сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті беру-шіге «Электрондық Үкімет» порталы (www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы өтініш берген сәттен бастап – өтініш тіркелген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде рәсімделеді.

1) карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосан-итариялық талаптарына сәйкестігін растайтын,өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанита-риялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде.

2) тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақыл-дары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәй-кестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытынды-сы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәт-тен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мини-стрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр-лігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыс-тық маңызы бар қалалар), Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары көрсетеді.

 Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар тиісті аумақтық инспекцияларда  дема-лыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері беріледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсе-ту кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті берушіге карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйры-ғымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш берілген сәттен бас-тап – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде;

Көрсетілетін қызметті берушіге тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидек-тер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының № 131 бұйрыққа сәйкестігін растай-тын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқы-зылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш берілген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Аталмыш мемлекеттік қызметтер толығымен тегін көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген құжат-тарсыз өнімдердерді тасымалдау – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 400 бабын бұзу болып табылады.

А.Орашева,

өсімдіктер карантині жөніндегі

мемлекеттік инспекторы