Жер бетінде көптеген керемет елдер бар, адамдар барлық жерде тұрады, бірақ Қазақстан – ерекше ел өйткені ол біздің Отанымыз.
Республика күні алғаш рет мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.
Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды. Әйтсе де, 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күнін қайтаруды ұсынды. Бұл - тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады
25 қазан біздің елде Республика күні атап өтіледі. Бұл қайта жаңғырған мереке. Республика күні- біздің үлкен және әлемдегі ең әдемі көпұлтты еліміздің тарихы, халықтық дәстүрлердің алуан түрлілігі насихаттауға жол ашады.Біз тұратын ел сүйіспеншілікпен махаббатқа толы! Республика күні-ұлттық бірліктің және Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы. Мұндай күн мемелекеттің дамуына елеулі әсер ететін ерекше тарихи оқиғалар қатарына жатады.
Еліміздің егемендігіне себеп болған Республика күні, патриоттық сана–сезім қалыптастыру арқылы тәуелсіздікті одан әрі нығайтуға бастау болатына сенеміз!
А. Нурмаханова,
Архивист