Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт.

Қазақстан Республикасы күніне орай Саран қаласының білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен № 6 жалпы білім беретін мектебі базасында шаһардағы жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері арасында спартакиада өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ұрпаққа саналы тəрбие беретін ұстаздарды дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ұстаздар арасында волейбол ойынын дамыту жəне салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздар арасында көшбасшылықты кеңейту, қабілеті бар спортшы мұғалім волейболшыларды анықтап, оларды əрі қарай оқушыларға насихаттау, волейбол, тоғызқұмалақ және үстел теннисі ойынына қызығушылықтарын арттыру жəне сүйікті спорт түрлеріне айналдыру.

Жарысқа Саран шаһарының 8 жалпы білім беретін мектептерінің педагогтерінен құралған командалар қатысып, спорттық додада баптары мен бақтарын сынады.

Спартакиаданың ашылу салтанатына Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев, қалалық мәслихаттың депутаты Жанбол Жаяубаев, Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Арман Бақтыбаев арнайы қатысып, саламатты өмір салтын сақтаудың мән-маңызына тоқталып өтті.

Сапртакиаданың қорытындысы бойынша «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушыларға Алғыс хат және Грамота табысталды.

Атап айтқанда, спорттың волейбол және үстел теннисі сынды түрлерінен Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі бірінші орынды қанжығаласа, № 7 мектеп-интернаты тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрі бойынша жеіңмпаз атанды.

№ 1 мектеп-лицейінің командасы волейболдан волейбол мен тоғызқұмалақтан екінші орынды иеленді. Бұл спорт түрі бойынша Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп үшінші орынға жайғасса керек.

Ал № 17 мектеп-гимназиясының командасы үстел теннисінде екінші орынды місе тұтса, № 6 жалпы білім беретін мектебі волейбол және үстел теннисінен үшінші орынға табан тіреді.

Жалпы командалық есепте екі бірінші орын және бір үшінші орынды иеленген Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі жеңімпаз атанды. Ал екі екінші орынды иеленген № 1 мектеп-лицейінің командасы жалпы командалық есепте екінші орынға, екі үшінші орынды иеленген № 6 жалпы білім беретін мектебі үшінші орынға жайғасты.

 

   

Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ

Суретті түсірген автор