Әлеуметтік нормалардың бұзылуы саналатын девиантты мінез-құлық соңғы жылдары жаппай сипатқа ие және осы мәселені әлеуметтік педагогтар мен психологтар, медиктер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына қойылды. Бұл әлеуметтік құбылысты жоққа шығаратын себептер, жағдайлар мен факторларды түсіндіру маңызды міндет болып табады. Оны қарастыру бірқатар іргелі сұрақтарға жауап іздеуді көздейді, олардың арасында «норма» санатының мәні мен сұрақтары бар.
Девиантты мінез-құлық – жалпыға ортақ мойындалған құқықтық нормалардан, әдептерден ауытқу. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамасына жүгінсек, жастардың ата-ана мен ұстаздарға қыр көрсетуі, үлкендердің тілін алмауы, жағымсыз жандарға еліктеуі, темекі мен ішкілікке үйір болуы девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілері болып саналады. Мұндай мінез-құлық басқа әлеуметтік топтарға қарағанда жастар арасында көп кездеседі. Ал оның түпкі пайда болу себептері әлеуметтік теңсіздікте, ата-аналардың балаларына дұрыс көңіл бөлмеуінде, бос уақыттың пайдасыз, зиянды нәрселерге жұмсалуында жатыр. Десек те жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алуға болады.
Жуырда Саран қаласының жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша «Болашаққа құқық» жобасы аясында «Мир добра» қоғамдық бірлестігі Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі мен Саран техникалық колледжі студенттіріне арнап «Өзіңді басқар» атты семинар-тренинг өткізді.
Ондағы мақсат - жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту, күйзелістік жағдайлардың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тақырыпты ашып айтқанда кибербуллинг - интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Осы сынды мәселелер тренинг барысында жастарға толыққанды айтылып, кибербуллингтің құрбаны болудан аулақ болуға шақырды.
Айта кетейік, кибербуллинг - интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін. Түсіндірме жұмыстары барысында осы мәселелер тілге тиек етілді.
«Қазіргі ғылым тілінде мінез-құлықтың қабылданған ортақ нормалардан ауытқу белгілерін - девиантты мінез-құлық деп атайды. Бұл мінез жастар арасында жиі байқалады. Отбасында, ортасында жылылықты сезінбеген жасөспірімдер айналасындағыларға да салқындық танытады. Девиантты мінез-құлық иелері ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымен дөрекі сөйлеседі. Олар біреудің сөзін тыңдап, ақылыны құлақ асқысы келмейді. Өз айтқынымен жүремін деп қиындыққа жиі ұшырайды. Құмар ойынға құмартып, ішімдік пен шылым шегуге әуестенеді. Солай өз болашақтарына зиян келтіреді. Жастар арасында жиі тараған осы мінез-құлықтың алдын алу мақсатында осындай семинар-тренигтер өткізіп жатқан жайымыз бар», - дейді семинар-тренингтің спикері, Саран қалалалық емханасына қарасты Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Ольга Владимировна.
Ал тапсырыс беруші Саран қаласының жастар ресурстық орталығы директоырының міндетін атқарушы Дидар Нықаш – «Жастардың бойындағы девиантты мінез-құлықпен күресудің ең тиімді жолы – олардың жүрегіне өзіне деген сенімді ұялату. Кез келген адам табиғаттың мүшесі, мемлекеттің азаматы. Жастар өзін қоғамдық ортаға керекті санағанда бойында сенім оянып, баршаға пайдалы іспен айналысуға тырысады. Алтын уақыттарын бос өткізіп, денсаулықтарына зиянды іспен айналысудың алдын алу мақсатында жастар арасында үгіт-насихат шаралары жиі жасалып жатыр», - деді бізбен тілдескен сәтінде.
Қоғамда білім алып, еңбекке араласып, өз жолын қалыптастырып жатқан адамдар көп. Дегенмен, кейбір жастар өз өміріне жауапкершілік алудан қашады. Жобаның негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді жауапкершілікке тәрбиелеп, еңбек нарығына еркін араласуға баулу және қоғамда өз орны бар азамат қалыптастыру. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен семинар жүргізушілері жастармен тығыз байланыс орнатып, оларға дұрыс жол сілтеді. Қазірден бастап кім болғысы келетіндерін шешіп, сол бағытта еңбектену керектігін түсіндірді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Ел ертеңі жастарға бағыт-бағдар беретін осындай шараларды жиі ұйымдастырудың маңызы зор.
Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ