Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қоғамымыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші маман қызметі. Күн сайын табиғи апат салдарынан туындайтын немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын өрттермен бетпе бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын маман иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес. Кез келген сәтте тілсіз жау өзіңе тап беріп, немесе жалынға оранған заттың үстіңе құлап кетуі, иіс тиіп, ес жоғалтуың әбден мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайларда ең алдымен көмекке ұмтылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тырысатын өрт сөндіруші мамандардың еңбегі ерлікпен пара пар!

Сондықтан өрт сөндіру қызметінсіз қоғамымызды елестете алмаймыз. Осы орайда үстіміздегі жылғы 9 қарашада Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Анищенко Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Минситрлігінің Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 24-ші өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында 2023 жылдың 9 айындағы жұмыстың қорытындысы жасалып, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі мәселелері қаралды, жеке құрам арасындағы идеологиялық және тәрбие жұмысының негізгі бағыттары түсіндіріліп, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Бұдан бөлек, Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғын үй секторында өртті азайту, қаза табу және жарақаттануды азайту мақсатында 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі айында профилактикалық іс-шараларды өткізу, проблемалық мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, аталған іс-шаралардың сапасы мен маңыздылығы мәселелері тілге тиек етілді.

Кеңес қорытындысы бойынша азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Сергеевич сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтамау фактілеріне жол бермеуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Төтенше жағдайлар министрлігі тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесін тоқсан сайын қарайды, бұл тәртіпті нығайтуға және әрбір қызметкердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Қазіргі уақытта Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстың ашық форматына және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің жүйелі тәсіліне көшті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қайта қаралды.

Осылайша, үстіміздегі жылғы 23 тамызда ТЖМ бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық кеңес өткізілді, аталған кеңес біздің жүйемізде де үлкен қолдауға ие болған болатын», - деді сөз соңында Сергей Анищенко.

 

Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ

Суретті түсірген автор