Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Үстіміздегі жылғы 16 қарашада Қарағанды облысының полиция департаменті «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы ғимаратының спорт залында волейбол, дойбы, шахмат, гір көтеру бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің кубогын өткізбек.

Ондағы мақсат – қатысушылардың спортқа деген құлшынысын арттыру, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі ширақ, кез келген жағдайда дайын күйде жүруін қамтамасыз ету.

Осыған орай, өткен аптадағы 10 қарашада Саран, Шахтинск шаһарларының полиция бөлімдері мен Абай ауданының полиция басқармасының тәртіп сақшылары спорттық сайыста өзара кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау мақсатында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде бас қосты.

Жоғарыда атап өткеніміздей, полицейлер спорттың волейбол, гір тасын көтеру, турникке тартылу, шахмат һәм дойбы ойындары сынды түрлері бойынша сайысып, баптары мен бақтарын сынап көрген жайы бар.

Спорттық доданың ашылу салтанатында Саран қаласы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Талғат Абуғалиев құттықтау сөзін сөз сөлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық дайындықты, шеберлік пен шымырлықты, асқан шапшаңдықты қажет ететін ішкі істер саласының мамандары жарыс барысында, өздерінің тартысты ойындарын көрсетіп, белсенділік танытты. Нәтижесінде оза шапқан тәртіп сақшылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Мәселен, волейболдан ерлер арасында Саран қаласы полиция бөлімінің командасы 1 орынды қанжығаласа, Шахтинс қаласы полиция бөлімінің тәртіп сақшылары 2 орынды иеленді, ал 3 орын Абай ауданы полиция басқармасының командасына бұйырды.

Турникке тартылу және гір көтеруден де сарандық тәртіп сақшылары тағы бір мәрте топ жарып, командалық есепте 1 орынға шықты.

Ал волейболдан әйелдер арасында Абай аудандық полиция басқармасының қыздар командасы топ жарса, Шахтинск қаласы полиция бөлімінің қыздар командасы 2 орынға жайғасты.

Дойбыдан Абай аудандық полиция басқармасы 1 орынды, ал Саран қаласының полиция бөлімі 2 орынды иеленді. Шахматтан да Абай аудандық полиция басқармасының тәртіп сақшылары қарсылас шақ келтірмей, 1 орынды жеңіп алса, Сарандық тәртіп сақшылары бұл спорттан екінші орынды иеленді.

Жалпы командалық есепте Саран қаласының полиция бөлімінің командасы 1 орынды иеленсе, Абай аудандық полиция басқармасының командасы 2 орынды иеленді. Ал үшінші орынға Шахтнск қаласы порлиция бөлімінің командасы жайғасты.

Саран қаласы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Талғат Нұртайұлының айтуынша, бүгінгі сайыста жеңіске жеткен команда 16 қарашада өтетін Қарағанды облысы ардагерлер кеңесі кубогына қатысу үшін жолдама алмақ.

Аталмыш спорттық сайыста жеңімпаз атанған Саран қаласының полиция бөлімінің командасына облыстық деңгейде өтетін спорттық додада сәттілік тілейміз ендеше.

   

   

 

 

Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ

Суретті түсірген автор