2023 жылғы 14 қарашада «АДАЛ БОЛ LIKE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ағарту күні ұйымдастырылды. Спикер ретінде семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық - ағарту пулының спикері - Бейбіт Қайыржанұлы Жұмабеков шақырылды.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.