Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің (бұдан әрі-ТЖБ) және жергілікті полиция қызметінің (бұдан әрі-ЖПҚ) инженерлік-инспекторлық құрамымен «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шаралары (бұдан әрі-ЖПШ) өткізілді.

ЖПШ барысында Саран қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Анищенконың төрағалығымен Саран қаласы мен Ақтас кентінің жатақханалары өкілдерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, облыс аумағында болған өрттердің статистикасы, объектілердің ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ осы іс-шараны жатақхана объектілерінде өткізудің өзектілігі, маңыздылығы мен қажеттілігі талқылана отырып, үгіт-насихат материалдары таратылды. Бұдан басқа, жатақхананың ғимараты мен аумағына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысынан өрт-техникалық тексеру жүргізілді.

Тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және өрт кезіндегі іс-әрекеттер бойынша анонимді тестілеу форматында социалигиялық сауалнама мен жиындар өткізілді. Әрине, осы іс-шараның өзектілігі кезінде ағымдағы жылдың 16 қарашасында ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 24-ӨСБ қызметкерлері Саран қаласы, Кужанов көшесі, 21 «а» үй мекенжайындағы «Наш дом» жатақханасында объектінің әкімшілігімен және тұрғындарымен өрт-тактикалық сабақтар пысықталды.

Құрметті тұрғындар!

Қоғамда «қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру мақсатында объектілердің меншік иелерін өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.

Тек бірлескен күш-жігермен ғана Төтенше жағдайлар тәуекелдерін және олардың салдарын азайтуға болады!

  1. Төсекте ашық от пен темекі шегуге жол бермеңіз.
  2. Ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбаңыз
  3. Ешқандай жағдайда электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз
  4. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
  5. Баспалдақтар мен тамбурларда велосипедтерді, арбаларды және басқа заттарды сақтауға жол бермеңіз

 

 

 

 

 

 

Ә. Аманбеков,

Саран қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты