Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына, тіл халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.

Тіл – адамдар арасындағы қарым  қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық, ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып  саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени – әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлттың тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа, тілінен қымбат еш нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айқындай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр.

Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік өркендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосуы керек. Мемлекеттік тілді игеру деген сөз мемлекет азаматы болып өмір сүру деген сөз, өзің өмір сүріп отырған мемлекетте және сол мемлекетті құрған халыққа «азаматпын» деп берген уәдені орындау деген сөз.

Қазақ халқының бар рухани қуатын бойына сіңірген ардақты асылы – тілі. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды, елінің мәдениетін жасайды, келешек ұрпаққа түйген тұжырымдарын жеткізеді, мемлекеттік тілінің мәртебесін көтереді.        

Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынған және жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.

«Ана тіліміз – асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы.  Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелен ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз.

       

Саран қаласының полиция бөлімі

Ж.Б.Джумашева