Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2023 жылдың 27 қарашасында қазақ тілі және әдебиеті оқытушылары: Байтурсынова Г.М., Рыспаева Г.Ж., кітапханашы Гофман М.А., ұйымдастыруымен  «Саран техникалық колледжі» КММ Әміре Қашаубаевтың 135 жылдық мерей тойына арналған «Ән падишасы – Әміре» атты дөңгелек үстел  өткізілді. Бұл шараға І – ІІ курс студенттері, «Саран техникалық колледжі» КММ директоры Жумадильдин А. М., «Саран техникалық колледжі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Битуова А.М., орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Савицкая Е.П. колледж кітапханашысы Гофман М.А., колледж әдіскері Рыспаева Г.Ж., информатика пәнінің оқытушысы Базарбаева А.К., қатысты.

Өткізілген іс шараның мақсаты: қасиетті ұлы дала үнінен қуат алған, әсем әндерімен тыңдарман жүрегіне шуақ берген ұлы әншінің шығармашылығы тарихымыз бен ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс екендігін дәріптей келіп, осы киелі мұраны жас ұрпақ көздің қарашығындай әспеттеуге міндетті екендігін сезіндіру. Қазақ әнінің құдіретін әлемге танытқан дара тұлға Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнерін насихаттай отырып, Қазақстанның тарихы мен өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Шара барысында ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлға, қазақтың атақты әншісі, актер, әрі музыкант Әміре Қашаубаевтың  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар берілді. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелде студенттер Әміре атамыздың өмірбаяны мен шығармашылығынан хабарлама дайындап, баяндап берді. Студенттер ұлы тұлғаның жанды дауыста айтылған «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Дудар-ай» әндерін тыңдады. Францияны дүр сілкіндірген Әміре Қашаубаевтың өнердегі тағдырын араға ғасырлар салып "Singer" ән байқауында жұлдызы жанған Димаш Құдайберген туралы ақпараттар айтылып, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар студенттер «Балқадиша» әнін Димаш, Алексей Лодочников, Алау тобының орындауында тыңдап, тәнті болды. Сондай-ақ әншінің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнероликтер көрсетілді. Қазақ тілі және әдебиет оқытушысы Байтурсынова Г. М. Әміре Қашаубаевтың шығармашылығы туралы жазылған біраз нақты деректермен бөлісті. Білім алушылар назарына Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевқа «Ән падишасы – Әміре» атты слайд-презентация ұсынылып, арнайы жасақталған кітап көрмесіндегі басылымдарға колледж кітапханашысы Гофман М.А. библиографиялық шолу жасады. Іс шарада студенттерге Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған «Қазақфильм» киностудиясы түсірген көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Шара соңында, «Саран техникалық колледжі» КММ директоры А. М. Жумадильдин, орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Савицкая Е.П.  дөңгелек үстелден алған әсерлерімен бөлісті.

Сонымен, ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлға, Әміре Қашаубаев   біздің жастарымыз үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі-өнегесі болып қалары сөзсіз.

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті оқытушылары:

Байтурсынова Галия Мусиралиевна,

Рыспаева Гульжазира Жакиповна