Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

>Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу -жаттығулары шеңберінде Саран қаласы эвакуациялық комиссиясының төрағасы, қала әкімнің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің және қалалық эвакуациялық комиссия мүшелерінің қатысуымен Саран қаласының қабылдау және құрама эвакуациялық жинау пункттерінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.

Аталмыш іс-шара барысында Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында, № 13 және 16 жалпы білім беретін мектептерінде, сондай-ақ Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасында эвакуацияланатын халықты қабылдау бойынша оқыту практикалық жаттығу жиыны өткізілді.

Саран шаһарында эвакуациялауға жататын халықты қала аумағында орналастыру үшін Саран қаласының Мәдениет үйінде және Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында орналасқан 2 құрама және білім беру объектілерінде орналасқан 9 эвакуациялық қабылдау пункттері бар.

Эвакуациялық комиссияның мәлімдеуінше, өткен жылдардың қыс мезгілінде адамдарды күшті қарлы борандар мен бұрқасын кезінде, әсіресе қажетті жерге кете алмаған адамдарды эвакуациялау пункттеріне көшіру жағдайлары орын алса керек, сондықтан да қабылдау эвакуациялық пунктері мен және құрама эвакуациялық пунктерінің қысқы кезеңге дайын болуы аса маңызды дейді олар.

Шара соңында қаланың эвакуациялық комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыс барысында екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе - «Ықтимал төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау туралы» Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марина Шегай баяндады.

Екінші мәселе «Қыс – 2023» республикалық штабтық оқу-жаттығуына Саран қаласы мен Ақтас кентінің эвакуациялық пункттерінің қатысуы және дайындығын тексеру» тақырыбы бойынша Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сергей Анищенко сөз сөйледі.

Комиссия отырысын қорытындылаған қалан әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев қабылдау эвакуациялық пунктері мен және құрама эвакуациялық пунктерінің басшыларына 2023–2024 жылдардағы қыс мезгілінде эвакуацияланатын халықты қабылдау үшін ықтимал төтенше жағдайларға алдын ала ден қою мақсатында эвакуациялау пункттерін дайын ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

 

 

  

 

Шапағат ШАРАПАТҰЛЫ

Суретті түсірген автор