Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Биыл мемлекеттіміз өзінің 32 жылдық Тәуелсіздік тойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Көк байрағымыз желбіреп, әлемге танылдық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалары, қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.
Тәуелсіздіктің жеткен жетістігінің бірі – мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәртебесінің жоғарлауы. Бүгінде тілге қатысты айтылған, жасалып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесі де баршылық. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы біздің басты міндетіміз. Елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей алуларына, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Тіл мәселесіне Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, барлық іс – шаралардың қазақ тілінде жүргізіліп жатқаны қуантады. Бұқаралық ақпараттық құралдарында қазақша бағдарламалардың көбеюі де халықтың жадынына қонымды. Мемлекеттік тілді қоғамның барлық салаларына енгізу мақсатында, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілде оқыту жұмыстарыда тұрақты жүргізілуде. Тәуелсіздіктің тұғырына жеткен мемлекет жастардың болашаққа деген үмітін зор екендігін көрсетеді.
Бүгінде Қазақстан, әлем таныған, әлеуеті дамыған, халықаралық аренада өз орны бар, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы зор мемлекет. Ендігі біздегі міндет – мәңгілікке ұмтылу. Мәңгілік Қазақстан. Мәңгілік Тәуелсіздік. Мәңгілік тіл.
Ж.Джумашева,
Саран қаласының
полиция бөлімі