Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бұл жасына, ұлтына, кәсібіне және саяси қалауына қарамастан барлығын біріктіретін ортақ мерекеміз.  Біз сүйікті қаланы – оның тарихын, заманауи жетістіктерін мақтан тұтамыз, оның үлкен болашағына сенеміз.

Осы күні, 69 жыл бұрын, Саранға қала мәртебесі берілді. Осы жылдар ішінде шағын ауыл экономикалық және зияткерлік әлеуеті дамыған әдемі, жайлы, заманауи қалаға айналды.

Саранның басты байлығы – оның тұрғындары, еңбекқор, жігерлі, білімді және талантты адамдар, өз ісімен оның даңқын арттыратын патриоттар. Мұның жарқын дәлелі – ұрпақтары Отанның даңқты шежіресін толықтыратын еңбек әулеттері.

Сүйікті қаламызды салған, оған жүрегін, білімін, күші мен тәжірибесін берген адамдарға тағзым етеміз.

Бүгінгі таңда Саран жастары туған өлкенің алғашқы құрылысшылары салған жоғары дәстүрлерді әр түрлі салаларда лайықты түрде жалғастырып келе жатқаны қуантады.

Келесі жылы біз Саран қаласының 70 жылдық мерейтойын бірге атап өтеміз.

Біздің жоспарларымыз бен бастамаларыз көп, оларлы бірлесіп жүзеге асырамыз.

Құрметті қонақтар мен қала тұрғындары! Баршаңызға зор денсаулық, еңбек табыстары мен амандық тілейміз.

Қала күні құтты болсын! Мерекелеріңізбен, қымбатты жерлестер!