Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды.

Депозитарий деген жыл сайын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерді, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты пайдаланушыларға ашық қолжетімділікпен қамтитын электрондық деректер базасы (www.dfo.kz веб-сайты).

Заңның 1-бабына сәйкес жария мүдделі ұйымдар (бұдан әрі – ЖМҰ) ол, қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруші ұйымдарды қоспағанда) және жарғылық капиталында мемлекет үлесі бар ұйымдар сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар. Қарағанды облысында депозитарийдің деректер базасында 238 жария мүдделі ұйымдар бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1173 қаулысымен бекітілген Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), жария мүдделі ұйымдар жыл сайын, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарийді жүргізетін уәкілетті ұйымға уәкілетті орган бекіткен тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

2023 жылы Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) депозитарийге жылдық қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін 30 жария мүдделі  ұйымды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады, яғни Ережеде белгіленген мерзімде уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті ұсынбау. Департаменттің және Қарағанды облысы соттарының қаулыларымен жалпы сомасы 10 522,5 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұлдар салынды.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жария мүдделі ұйымдар Уәкілетті ұйымға электрондық форматта аудиторлық есептіде ұсынады. Қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізуден жалтарғаны және депозитарийге аудиторлық есепті ұсынбағаны үшін 1 жария мүдделі ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 250 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып 34,5 мың теңгеге айыппұл салынды.

М. Кандыбин,

Қарағанды облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаментінің

бас маман-мемлекеттік

аудиторы